phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ВС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Сөзмерген» лингвистикалық  ойыны

«Сөзмерген» лингвистикалық ойыны

Әр адамның азаматтық қасиеті өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Ұлы Абай атамыздың өзі «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп осы қасиетті тілімізге тағзым еткен. 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай кітапханада «Сөзмерген» лингвистикалық ойыны ұйымдастырылды.

Ойынға қатысқан жас деңгейлері әртүрлі қатысушылар мақал-мәтелді жалғастыру,тұрақты сөз тіркесінің мағнасын ашу, көне сөз, астарлы ұғымның ара-жігін ажыратып «Тапқыр болсаң тауып көр», «Ойлы болсаң озып көр» , «Мықты болсаң тауып көр» және «Кім жылдам» деп аталатын кезеңдер арқылы бақтарын сынады.
Тартысты ойында ШҚО «Әділет Департаменті», Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжі және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатынан келген қатысушылар қазақ халқының сөз мұрасының аса бай екеніне тағы бір көз жеткізге отырып, өздерінің де осал жандар емес екенін танытты.
Тіл мамандары әділқазылық еткен бұл сайыста жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар озып, оқ бойы алға шыққан Абай атындағы ШҚО гуманитарлық колледжінің студенттері болды. Сайыс барысында кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әннен шашу шашқан өнерпаздарымыз бен ойыншыларымызға сәттілік тілей отырып, сәйкесінше диплом,алғыс хаттар табыс етілді. Отанды сүю тәрбиеден емес,мінезден деп Әлихан Бөкейханов бабамыз айтқандай ана тілін құрметтей алған жан ғана өз кезегінде ұлтқа да Отанға да адал қызмет ете алады дегеіміз келеді.

 Sozmergen 1  Sozmergen 3  Sozmergen 2  Sozmergen 4

Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp