phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ВС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы

«Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы

19 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы өтті.

2025 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпаны аралығында кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллаұлының шығармашылығына арналған байқауға қатысуға өтініштер мен шығармашылық жұмыстар қабылданған болатын.

Шараның мақсаты: Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеу және насихаттау, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту.

Серік Ғабдуллаұлының облыс өмірінде алар орны ерекше. 1991-жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болып қызмет атқарды. Өскеменде тұратын басқа ұлт өкілдерінің «Мәдени орталығын» құруға бастама көтеріп, облыстық «ақсақалдар алқасын» құруға  да мұрындық болды. Сол жылдары облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебін ашып, жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына жетекшілік жасады.

 Оның қаламынан туындаған «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем – көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», т.б. кітаптары және жетпіс жасқа толуына байланысты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 2013 жылы 75 жасқа толуына орай «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан өлеңдер жинағы жарық көрді.

Байқау  С. Ғабдуллинге арналған арнау өлеңдер және С. Ғабдуллин өлеңдерін мәнерлеп оқу бағыттары бойынша жүргізілді.

Шарада С. Ғабдуллин атындағы облыстық  байқаудың қорытындысы бойынша  жеңімпаздар диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

 Ğabduliin oqulary 1  Ğabduliin oqulary 5  Ğabduliin oqulary 4  Ğabduliin oqulary 7  Ğabduliin oqulary 18  Ğabduliin oqulary 14
 Ğabduliin oqulary 1  Ğabduliin oqulary 8  Ğabduliin oqulary 15  Ğabduliin oqulary 17  Ğabduliin oqulary 9  Ğabduliin oqulary 10
 Ğabduliin oqulary 11  Ğabduliin oqulary 12  Ğabduliin oqulary 6  Ğabduliin oqulary 3  Ğabduliin oqulary 13  Ğabduliin oqulary 2

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp