phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Туған жер – тұма бұлағым»: Фарида Сарышевамен сырлы кездесу

«Туған жер – тұма бұлағым»: Фарида Сарышевамен сырлы кездесу

2025 жыл 17 сәуірде А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұстаз, жазушы Фарида Сарышевамен кездесу кеші өтті.

Зайсан өңірінде дүниеге келіп, Ақтөбе қаласында ұзақ жылдар бойы ұстаздық пен қаламгерлікті қатар алып жүрген Фарида Батырбекқызы туған жеріне арнайы ат басын бұрып, оқырманымен жүздесті. Шарада қаламгердің әдеби шығармашылығы, өмірлік жолы, ұстаздық болмысы туралы әсерлі естеліктер айтылды.
Кеш барысында автордың туған жері – Шілікті мен Тасбастау ауылына деген сағынышы, көршілер мен ұстаздар жайлы жазылған шынайы әңгімелері мен естеліктері көпшілік көңілінен шықты. Жазушының шығармашылығынан өлеңдер оқылып, әдебиетке деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік, әйел бейнесі мен ауыл өмірінің көркем суреті кеңінен сөз болды.
Кешке қаламгердің туған жерден арнайы келген жерлестері, оқырмандары, мектеп және студент жастар қатысты.
Шара соңында автор жылы лебіз білдіріп, алғысын жеткізді. Қонақтар естелік фотосуретке түсіп, шығармашылық кештің әсерлі сәттерін есте қалдырды.

Sarysheva 1 Sarysheva 2 Sarysheva 3 Sarysheva 4 Sarysheva 5 Sarysheva 6
Sarysheva 7 Sarysheva 8 Sarysheva 9 Sarysheva 10 Sarysheva 11 Sarysheva 12

 

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp