
«Есенгелді би тарихы мен шежіресі» кітабының тұсаукесері
2025 жылдың сәуір айында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Есенгелді би тарихы мен шежіресі» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Аталмыш еңбек киелі Тарбағатай өңірінде өмір сүріп, бәйтеректей жапырақ жайған, есімі өңірге белгілі, мемлекет қайраткері, парасатты мәмілегер — Есенгелді биден тараған бес Саты, алты Жұмық деген үлкен әулеттің ата тегін, шығу тегін дәлелдейтін шежіре кітап. Кітапта шежірелік таралымнан бастап, би бабамыздың ел ішіндегі рөлі, шешендік сөзі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны жан-жақты баяндалған. Бұл – тек шежіре емес, бұл – рухани сабақ, тұтас бір әулеттің тарихи куәлігі.
Бұл еңбек жазылу барысында ел ішіндегі ауызша деректерге, архив құжаттарына, көнекөз қариялардың әңгімелеріне сүйеніп, тарихи шындыққа негізделген жүйелі еңбек ұсынылған. Кітаптың басты мақсаты – жастардың тарихи танымын кеңейтіп, бабалар мұрасын ұлықтау.
Шараға зиялы қауым өкілдері, өлке тарихын зерттеушілер, кітапхана оқырмандары мен студент жастар қатысты. Жиын барысында аға буын өкілдері сөз сөйлеп, жастарға ақ баталарын берді, ел, жер шежіресіне қатысты ақпараттарымен бөлісті. Оқырманға жол тартқан жаңа кітапқа ақ жол тілейміз!
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |