phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Шабыт шуағы»: әдеби шығармашылық кеші

«Шабыт шуағы»: әдеби шығармашылық кеші

2025-жылдың 26-сәуір күні сағат 10.00 де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында  «Әлем халықтары Жазушылары Одағының», «Қазақстан халықаралық жас жазушылар және өнер шеберлері» ассоциациасының, сонымен қатар кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтай» шығармашылық тобының мүшесі, Шығыстың ару қызы ақын Төлеубек Шұғыланың  «Шабыт шуағы»  атты  әдеби шығармашылық кеші өтеді.

Бұл кеш ән мен жырды жанына серік еткен, әдебиет әлеміне қалам тербеген жандардың басқосуы болмақ.

Төлеубек Шұғыла 1994 жылы Алтай аймағында дүниеге келген. Жастайынан өнерге жақын болған Шұғыла 2007 жылы қыркүйек айында тарихи отаны Қазақстанға оралады. Ақындық жолында аяулы  анасы Мейіргүл Қалиханқызын ұстаз санаған ақын мектепшілік, аудандық, облыстық жыр мүшайраларына қатысып, өзінің өлеңге деген нақты талантын байқатады. Отбасымен бірге 2011 жылы Курчатов қаласына қоныс аударып 11-сыныпты сол жаерден аяқтайды. “Курчатов көкжиегі”, “Семей таңы” сынды газеттерге өлеңдерін жариялап, түрлі байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болған. 2024 жылдың соңына қарай “Алтайдың ақын арулары” атты жинаққа өлеңдері жарияланып оқырмандарына жол тартты. Сонымен қатар  “Жас қалам” атты шағын жинақтың авторы.  Құрметті жырсүйер қауым! Ақын ретінде өзіндік үні, өз  қолтаңбасы бар ақын қызымыздың жыр кешіне  шақырамыз! Келіңіздер! Көріңіздер!

                  

 Байланыс тел. : 26-13-33


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp