phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Әйел тағдыры: өткен мен бүгін» әдеби пікірталас

«Әйел тағдыры: өткен мен бүгін» әдеби пікірталас

10 маусым күні кітапханада тағдырлы туынды – Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы аясында «Әйел тағдыры: өткен мен бүгін» атты әдеби пікірталас алаңы өтті.

Шараға қаламыздың белсенді жастары, жас аналар, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапсүйер қауым мен оқырмандар қатысты. Олар қазақ прозасындағы алғашқы әлеуметтік-реалистік туынды – «Бақытсыз Жамал» романын тарихи, көркемдік және бүгінгі қоғамдық тұрғыдан саралап, қазақ қызының өткен мен бүгіндегі бейнесі жайлы ой өрбітті.

Пікірталастың басты мақсаты – әйел теңдігі мәселесін әдебиет арқылы көтеріп, тарихи жады мен рухани еркіндікті ұштастыру, жастарды сыни ой мен азаматтық жауапкершілікке баулу болды. Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, романдағы шынайы шындық пен бүгінгі қоғамдағы әйелдің рөліне қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Жиынның әсерлі сәті – Жамалдың монологы болды. Өмірдің өткінші өкініші мен үмітке толы үнсіз күресін бейнелеген көркем сөз көрерменнің жүрегін толқытпай қоймады. «Мен – бақытқа ұмтылған жан едім... Бірақ тағдырдың тас қамалынан аса алмадым...» – деген Жамалдың жан сөзі, залдағы әрбір жанның жүрегінде терең сыр, үнсіз үн қалдырғандай болды.

Шара соңында қатысушылар «Жамалдың тағдыры бізге не үйретті?» деген ортақ сұраққа ой толғап, әрқайсысы өз көзқарасын білдірді. Бірі – арман мен махаббаттың жолындағы күресті айтты, енді бірі – әйелдің қоғамдағы орнын, еркіндік пен теңдікке апарар жолды сөз етті.

Жүргізуші қорытынды сөзінде: «Бақытсыз Жамал – бір ғана қыздың емес, тұтас ұлттың, тұншыққан үннің, тарих тереңіндегі шындықтың айнасы. Әдебиет – сол шындықты жүрекпен ұғынуға жол ашатын алтын көпір», – деп түйіндеді.

Бұл пікірталас алаңы – тек бір шығармаға жасалған талдау емес, бұл – әдебиет арқылы ұлттың рухани жаңғыруы мен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерге терең бойлау. Осындай рухани басқосулар жастардың ішкі жан дүниесін байытып, тарихты тек есте сақтау емес, оны сезіне білудің, сезіне отырып әрекет етудің маңызын ұғындырады.

 Pıkırtalas 3  Pıkırtalas 5  Pıkırtalas 2  Pıkırtalas 1

 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp