phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Арман дүние» деректі фильмнің тұсаукесері

«Арман дүние» деректі фильмнің тұсаукесері

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ҚР Жазушылар одағының мүшесі, талантты ақын, драматург, журналист Ғалым Байбатыровқа арналған «Арман дүние» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Ғалым Байбатыров - 1949 жылы 12 қаңтарда Зайсан қаласында туған. Елі үшін қызмет атқарып, қаламын қару етіп мақала, пьесалар, өлең-жырлар жазумен өмір кешті. Талай жас журналистер тәрбиелеген тәлімгер. Нұрлан Мәукенұлы, Гүлнәр Салықбаева, Жанат Әскербекқызы, Раушан Мұқышева, Сіләмбек Оразалин, Әйгерім Жүрекбаева, Алмагүл Әубәкірова сынды ақындарға сәт сапар тіледі, қанаттандырған үлкен жүректі ақын. Ғалым ағаның бірнеше өлеңіне жергілікті сазгерлер ән жазған. Әсіресе, «Өскеменім» әні жергілікті жұрт арасында кеңінен таралған.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының және Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері.
Тұсауы кесілген деректі фильмнің авторы - Әмина Бақытбекова, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті журналистика мамандығының 4-курс студенті, университеттің баспасөз бөлімінің ресми тілшісі әрі қалалық әкімдікке қарасты жастар ресурстық орталығының баспасөз хатшысы.
Бейнесюжетте ақынның өмірбаянымен қатар, оның әр жылдары Зайсан аудандық «Достық» газетінде және облыстық «Дидар» газетінде қызмет атқарғаны, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі ұстаздық қызметі жайлы баяндалған. Сондай-ақ, Ғалым Байбатыровтың драматург ретіндегі атқарған жұмыстары, үш қойылымының облыстық Жамбыл атындағы драма театрда сахнада көрсетілгені, Зайсан өңірінің тарихын зерттеген өлкетанушылық қызметі жайлы ақпарат қамтылған. Деректі фильмде ақынның замандастары мен шәкірттері пікір берген.
Еліне адал қызмет еткен ұстаз, ақын, журналисті еске алып, есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен шараға Ғалым ағаның туыстары, әріптестері мен жерлестері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Baibatyrov 1 Baibatyrov 2 Baibatyrov 3 Baibatyrov 4 Baibatyrov 5 Baibatyrov 6 Baibatyrov 7

 

Байланыс тел.: +7 705 624 1725 (Абылғвзинова Г.Т.)

 


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp