23 ақпан күні сағат 11.00-де Zoom платформасында "Адалдық алаңы" жобасы аясында облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалар жанынан "Парасат жолы" өңірлік орталықтарының онлайн ашылуы өтті. Негізгі іс-шара Нұр-сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев пен мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың, сондай-ақ шығармашылық және рухани қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.