2011 жылы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханаcында «IT-OTAU» жобасы бастау алды. Жобаға EIFL халықаралық ұйымының (Кітапханаларға арналған электронды ақпарат) «Көпшілік кітапхана инновациясы» бағдарламасы қолдау көрсетті.
Жоба мақсаты - 19-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ақпараттық технологияны пайдалануға үйрету.
Ноутбук және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған қазақтың киіз үйі кітапханаға келушілерді қызықтыруда. Кейбір қатысушылар оқу барысында жұмыс тауып алып жатады. Тренингтер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
|
Мир без насилия
04 дек