phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ВС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«М.Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен»

А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «М.Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрменің басты мақсаты - М.Әуезов шығармашылығын зерделеу және зерттеу, оны келер ұрпаққа жеткізу, дарынды жерлестерімізді қолдау көрсету, М.Әуезов шығармашылығына суретші көзімен үңілу.
Байқауға жұмыстар 1 маусымнан 15 қазанға дейін қабылданды. Облыстың түкпір-түкпірінен бақ сынаған отызға жуық қылқалам шебері өздерінің жұмыстарын көрмеге қойып, халыққа ұсынды.
Қазылар алқасының сараптауы бойынша төмендегідей қатысушылар марапатқа ие болды:
Балалар арасында:
Ермұқан Айназ – І орын
Темірбекова Арайлым – ІІ орын
Аманғазы Бексұлтан – ІІІ орын
Өмірбекқызы Ұлпан – «Графика» номинациясы бойынша
Дидарқызы Дария – «Живопись» номинациясы бойынша
Қожанова Жібек – «Живопись» номинациясы бойынша
Бердібекова Айым – «Лирика» номинациясы бойынша.
Ересектер арасында:
Бекбердинова Гүлнәр – І орын
Қайырхан Мади – ІІ орын
Тұрғанбаев Ержан – ІІІ орын
Нұрсадықов Құдаш – ІІІ орын
Ниязбеков Әділет - "Графика" номинациясы бойынша
Кендіржанова Ләззат - «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды.
Сурет байқауын ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен «СЕЙ-НАР» ЖШС басшысы Ербол Әлімқанұлы Абдыкалыковқа және «Тала» ЖШС директоры Мұрат Сұлтанғазыұлы Телебаевқа ризашылығымызды білдіреміз!

М.Әуезов шығармашылығына суретшілер көзімен үңілгіңіз келсе, көрмеге келіңіз! Сурет көрмесі бір ай көлемінде кітапханаға келушілер назарына ұсынылады.

Auezov 6 Auezov 2 Auezov 3 Auezov 4 Auezov 7 Auezov 8
Auezov 9 Auezov 10 Auezov 11 Auezov 12 Auezov 13 Auezov 14

 

Байланыс тел.: 26-13-33


Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp