Наурыз мейрамы қарсаңында 18 наурыз күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Өскемен қаласындағы АДК сауда ойын-сауық орталығында интерактивті акция өткізді.
Наурыз мейрамы қарсаңында 18 наурыз күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Өскемен қаласындағы АДК сауда ойын-сауық орталығында интерактивті акция өткізді.
15 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Қазақ аналары: дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан филиалының аналарымен «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты дөңгелек үстел өтті.
16 наурызда А.С. Пушкин кітапханасында қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу және әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру мақсатымен «Наурыз жұлдызы» атты байқау өтті.
Әз Наурыз мерекесі қарсаңында, 14 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасымен ZOOM платформасында Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханалары қызметкерлері және оқырмандарымен бірлескен «Бастаңғы» мерекелік интеллектуалды онлайн форумы өтті. Форум Шығыс Қазақстан жұртшылығын күй өнерімен сусындатып жүрген «Жігер» домбырашылар ансамблінің орындауындағы тамаша күймен ашылды.
Зиза Мұхтарханқызы кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқанына 48 жыл. Семейдің Абай атындағы кітапхана техникумын, Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының кітапхана-библиография факультетін бітірген.
Құрметті оқушылар сіздерді ҰБТ-ға дайындық бойынша жүретін клубқа шақырамыз. Дайындық ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА пәндері бойынша өтеді.
Бұл пәндер мектептегі ең қажет және ең қиын пәндердің бірі. Сондықтан біздің еріктілермен бірге біліміңізді арттырыңыз.
Біз сіздерді American Corner & Marker Space шығармашылық орталығында күтеміз.
Достар! 1 наурыздан «Франкофониялық көктем-2023» мәдени іс-шаралар фестивалі бастау алды. Халықаралық Франкофония күнінің мақсаты – француз тілінің барлық жанкүйерлерін біріктіру, оның таралуына ықпал ету, француз мәдениетін, сондай-ақ француз тілді елдердің мәдениетін танымал ету. Бүгінгі күні француз тілінде сөйлейтіндердің бәрін франкофон деп атайды.