
КВИЗ «Білім академиясы»
13 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Білім орталығында мектеп оқушыларына арналған "Білім академиясы" интеллектуалдық КВИЗі өтті.
Бұл жолғы ойынға қаламыздағы Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары қатысты.
КВИЗ – бұл өз біліміңізді, шығармашылық ойлау қабілетіңізді және топтық жұмыс істеу дағдыларыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік!
Бағдарламада: түрлі тақырыптардағы интеллектуалды викториналар, логикаға арналған қызықты конкурстар мен тапсырмалар, шығармашылық әлеуетті ашатын танымдық ойындар болды.
Оқушылар түрлі білім салалары бойынша білімдерін көрсетті. Сұрақтарға белсенді жауап беріп, өздерінің эрудициясын және логикалық ойлау қабілеттерін тексерді. Сұрақтар тарих, география, әдебиет және ғылым салаларын қамтыды. Әрбір қатысушының тамаша білімі мен командалық рухы бұл шараның сәтті өтуіне негіз болды.
Жеңімпаз топтар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Байланыс тел.: 26-13-33