phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Еңбек адамы – ел мақтанышы» іскерлік платформасы

«Еңбек адамы – ел мақтанышы» іскерлік платформасы

6 наурыз күні сағат 14.00-де  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне және «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты іскерлік платформасы өтеді.

Халқымызда «Жұмыстың өзін тапсаң, табыстың көзін табасың» деген сүбелі сөз бар. Шараның мақсаты - өлкеміздегі сәні мен сымбаты үйлескен «Ісмер қыз», «Іскер қыз», «Сәнгер қыз», «Атбегі қыз», «Бүркітші қыз», «Аңшы қыз», «Әскери қыз» «Спортшы қыз», «Ұшқыш қыз», «Ұстаз қыз», «Дәрігер қыз» сынды мамандық иелерін кітапханаға шақырып, дөңгелек үстел басында сұхбат құру. Әрбір жұмыстың, мамандықтың  маңыздылығын атап өтіп,  оқу-білімге, ғылымға, жаңа технологияны меңгеруге, кәсіп істеуге үндеу және баулу. Жерлес арулардың асыл қасиеттерін үлгі ете отырып, нәзікжандылардың беделін көтеру, қыз абыройын арттыру.

Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Бүгінгі замауи әйел бейнесі – іскер, басшы, қызметкер, кәсіпкер сынды лауазыммен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Бүгінде ақ жаулықты аналар кез келген салада, кез келген мамандықты игеріп, жетістіктерге жетіп, табысқа кенелуде, талай-талай асу алып, биік белесті бағындыруда.

Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген. Дөңгелек үстелге қатысушылары бүгінгі қоғамда әйел азаматтардың атқарып отырған рөлі туралы пікірлерін ортаға салды.

8 наурыз – жылдың ең әсем, нұрлы әрі шұғылалы мерекелерінің бірі. Нәзік жандыларымызды ұлықтап, ерекше құрметімізді көрсету – тек осы күні ғана емес, өмір бойына жалғасса деген тілектеміз. Әдемі жандар жиналатын жарқын, позитивті, әдемі кештің қонағы болыңыздар!

Біз сіздерді кітапханада күтеміз!

Байланысшы: Абылғазинова Г. Т.

                     Тел.: 26-13-33


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp