ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында жадынамалар ілінді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында жадынамалар ілінді.
6 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Астана күні аталып өтіледі. Елордамыз қысқа уақыт ішінде еліміздің барлық азаматтарының күш-жігерінің арқасында Еуразия орталығында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығына айналды.
2018 жылдан бастап Қазақстан халқы шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Домбыра күні «ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру" үшін енгізілді.
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 25 жасқа толды.
Биыл Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақын, педагог, саналы ғұмырын халық игілігіне жұмсаған Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл. М.Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданында дүниеге келген.
А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Француз оқу залы 2003 жылы Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен ашылып, кітапхана қорына француз тіліндегі оқу және көркем әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар мен журналдар тапсырылған болатын. Сол уақыттан бері жыл сайын біздің топтама француз тіліне құштар оқырмандарын асыға күтетін жаңа басылымдармен толығуда.
13 маусым күні кітапханада Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Құдиярова Анна Мергенбайқызының «Үнсіз педофилия» кітабының тұсаукесері өтті.
Қазіргі заманғы ақпараттық, ойын-сауық материалдары және оларды көрсету/насихаттау құралдары барған сайын бұрмаланып, біздің ойымызға, сезіміміз бен мінез-құлқымызға агрессивті түрде әсер етуде.