«Қара сөз: Ұлт руханиятының айнасы ма, әлде заманның сыншысы ма?»
14 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында С. Аманжолов атындағы Жоғары Колледжінің «Шет тілі мұғалімі» мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен дебат турнирі өтті.
Шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы және Абайдың әйгілі еңбегі «Қара сөзді» (1890-1898) жаза бастағанына 135 жылдығына орай өткізілді.
Дебат тақырыбы: "Қара сөз: Ұлт руханиятының айнасы ма, әлде заманның сыншысы ма?"
Абай Құнанбаұлының "Қара сөздері" – қазақ әдебиетінің ерекше жәдігері. Бұл шығармалар ұлттың руханияты мен мәдениетін терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Дебат барысында жастар Абайдың философиялық ойларын талқылап, оның қазақ халқының рухани болмысымен байланысын, сонымен қатар заманның сыншысы ретіндегі рөлін ашты.
Абайдың көзқарастары заманның ащы шындығын бейнелейді, бұл бүгінгі күнге дейін өзекті. Бұл шара жастардың рухани дамуы мен Абай мұрасына деген құрметін арттырды деген сенімдеміз.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|