8 қыркүйек күні сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізде аталып өтілетін Отбасы күніне орай баланы кітап оқуға тарту бойынша жас аналарға тренинг өтеді. «Отбасы – бақыт мекені» тренингінің мақсаты - ата-ана мен бала арасында жақындық қалыптастыру, ата-анамен бірлесе отырып бала тәрбиесіндегі кейбір мәселелерге көңіл аудару, көңіл - күйді көтеру, кітап оқуды насихаттау.