«Мұхтар Әуезов - Әлем тілдерімен үндестігі»

Мухтар Ауэзов

Абайды Абай еткен Мұхтарғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессің оған, сірә.

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».
«Абай жолы» - ұлы жазушының ұлы туындысы - бас кітабы, ол өзінің өлшеулі ғана ғұмырында өлшеусіз шығармашылық ерлік жасап, өзінің осынау мәңгілік кітабын жазып үлгіріп кетті. Дананың өз ортасынан әрқашан озық, оқшау тұратын даралығы да осы арада жатыр.
«Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған.

Ауэзов тағылымы

Мухтар Ауэзов

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897, 28 қыркүйек – 1961, 27 маусым) - қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі (1946), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті. Семей қаласында медреседе, онан соң бес кластық орыс мектебінде, ал 1915–1919 жж. мұғалімдер семинариясында білім алған.
1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде халық аңызы бойынша «Еңлік–Кебек» пьесасын жазады. Бұл қазақ ұлттық драмасының қарлығашы еді. Осы пьесасы мен 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесі арқылы өзінің жазушылық ерекше дарынын айқын танытты. Сол жылдарда Семейде, Орынборда әр түрлі қызмет істей жүріп, Алаш партиясының көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, басқа да белгілі әдебиет, мәдениет қайраткерлерімен жақындасады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады.
Алашорда қайраткерлері өкімет орындарынан, ресми саясаттан ығыстырыла бастаған соң, 1923 жылдан бастап көркем әдебиет саласына бар күшқуатын жұмсап, өнімді еңбек етуге кіріседі. 1923–1926 жж. «Оқыған азамат», «Қыр суреттері», «Үйлену», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу» әңгімесін жазады.
1923–1928 жж. Ленинград университетінде оқып, тіл мен әдебиет факультетін бітіреді. Одан кейін Ташкентте Ортаазия мемлекеттік университетінің аспирантурасында шығыс фольклоры бойынша маманданды. Ленинградта (қазіргі СанктПетербург) оқыған соңғы жылында екі тамаша повесть жазған: «Қараш Қараш» пен «Көксерек».
Саяси қызметтен бас тартып, бірыңғай зерттеуге ойысқан кезде, ол әдебиетшіге де сол саясаттың шырмауынан шығу қиын екенін ұға білді. Ондаған жылдар бойы оған ұлтшылдық, байшылдық идеяларды жақтаушы деген кінә тағылып келді. Қудалау көріп, 1930–1932 жж. қамауда болды, тұтқыннан құтылу мақсатымен ашық хат жазды.
Әуезов 20 жылдардың өзінде проза мен драматургияда келелі туындылар беріп, қазақ әдебиетінің классигіне айналды. 30 жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, онан кейін де қымқиғаш пікірлер айтылып жүргенде, Абайды тереңдеп, кеңінен тануды өзіне өмірлік мақсат ету ол кезде біліктілік, даналық қана емес, үлкен ерлік те болғаны хақ. Кесек, кең тынысты, сан миллион оқырмандардың жүрегіне жол табатын көркем шығарма арқылы Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Әуезовтің дүние жүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді. ы.
1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Татьянаның қырдағы әні» дейтін прозалық үзінді жарияланды. Бұл – болашақ романның бір тарауы еді. Осыдан соң, 1940 жылы, Л.Соболевпен бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды. Мұхтар Омарханұлы 15 жыл бой «Абай жолы» атты өзінің 4 томдық даңқты тарихи роман-эпопеясын жазды. Мұның «Абай» аталған бірінші кітабы 1942 жылы, екіншісі 1947 жылы жарық көрді. Орыс тіліне аударылған.
«Абай» романының екі кітабы 1949 жылы 1дәрежелі КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. Төрт кітаппен біткен эпопея 1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды. «Абай жолы» 30 тілге аударылып, дүйім дүние оқырманынан өте жоғары баға алды.
Әдеби еңбегі үшін жазушы 1957 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1961 жылы 27 маусымда қайтыс болғаннан кейін, республика үкіметінің қаулысымен Қазақ КСР ҒА Әдебиет және өнер институтына, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді. Жазушының әдебимемориалдық музейі ашылды, Алматы қаласының бір ауданы, бірқатар мектептер, көшелер қаламгер есімімен аталады.
Туғанына 100 жыл толуына орай мерекесі ЮНЕСКО шешімімен дүниежүзілік деңгейде аталып өтті. Шығармалар жинағының 50 томының 36 томы жарық көрді (1998–2008).


Әдебиеттер тізімі

Мұхтар Әуезов. Әлем тілдерімен үндестігі

«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз, - деді француз жазушысы Луи Арагон, - әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Ең талғампаз суреткерлердің аузымен айтылған осындай орасан биік бағаға «Абай жолы» қандай қасиеттері мен жетті? Бұл сұраққа жауап беру үшін эпопеяға тән негізгі ерекшеліктерді ескермей болмайды.
Әуезов өзінің төрт томдық «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді - өз отандастарына, тіпті - қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты. Дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіріп берді. Сондықтан да, «Абай жолын» оқыған Бенжамен Матип «қазақ неткен ғажайып халық» деп өзін-өзі ұмыта таңырқаса, Константин Федин «өзінің қалай қазақ боп кеткенін білмей қалған». Сондықтан да бүгінде Л. Н. Толстойды оқымай орысты, О. Бальзакты оқымай французды білдім деу қандай қиын болса, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын.
Бүгінгі күні «Абай жолы» әлемнің 116 тіліне аударылып, көптеген оқырманның жан сезімін тербетіп: алғашқы махаббат, туысқандар мен достар арасындағы қарым-қатынасты, достар мен қарсыластар, әндер мен поэзияны байланыстырады. Мамандардың пікірінше ең сәтті аударма - француз тілінде аудармасы.
55 жыл бұрын Париждегі ең ірі "Галлимар" баспасы Антуан Витез аударған Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясының алғашқы кітабын шығарды. Бұл басылымға алғысөз жазған -Луи Арагон. Француз ақыны және прозашы Луи Арагон Мұхтар Әуезовпен таныс болған және романды француз тіліне аудару идеясын Арагон бастаған. Мамандығы бойынша режиссер Антуан Витез тамаша стилист-аудармашы еді. Ол өз достарын – түркологтарды тартты, олар оған қазақ тіліндегі поэтиканы сезінуге көмектесті.
Ал 2006 жылы "тамаша адамдардың өмірі" әдеби сериясында Николай Анастасьевтің "Мұхтар Әуезов. Трагедия триумфатора" атты кітабы жарық көрді. Николай Анастасьев - профессор, әдебиеттанушы, ағылшын тіліндегі әдебиеттің белгілі сарапшысы. Ол Әуезов шығармашылығы В. Шекспир, Дж. Лондон, Д. Голсуорси шығармашылықтарымен деңгейлес және басқа да танымал Батыс классиктерінің шығармаларына жақын деп көрсеткен. Оның тарихы суретшінің қолынан тіріліп қана қоймай, әлем халықтарының жүрегінен орын алып, қазақ халқының өмірі мен тағдырындағы ортақ ұқсастық арқылы басқа халықтармен жақындастырды.
"Абай жолы "романы орыс тілінде шыққаннан кейін, 1953 жылы ағылшын тілінде кітап шығару жүзеге асырылды. 2018 жылы Анатолий Кимнің аудармасынан шыққан «Абай жолының» 1-2 ші томы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Облыс әкімдігінің бастамасымен «Абай әлемі» кітаптар топтамасының бірінші партиясымен келіп түсті. Бұл кітаптың ерекшелігі кітапқа Алғы сөзді Мухтар Ауэзовтың ұлы Мұрат Ауэзов пен немересі Диар Кунаев жазған.
2014 жылдан бастап кітапханамыз «Біздің Абай» электрондық кітапханасын жасауды қолға алған. Бұл электрондық кітапханада Абайдың раритеттен бастап заманауи басылымдарға дейінгі мұрасын толық қамтуға тырыстық. Электронды форматтағы абайтануға байланысты әдебиеттерді 27 тілде және Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын әлемнің 10 тілінде оқи аласыздар.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Қытай тілінде

Түрік тілінде

Литов тілінде

Моңғол тілінде

Неміс тілінде

Романды әр тілде оқу