Ілияс Жансүгіров
 

Үш арыс / Три духовных маяка

bg 
 
 
 
background-image Document  

«Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр! »

***

«Өлкем өсіп кенелді,
Көгім жайнап жер гүлденді»

***

«Ауылдың алды асқар тау,
Асқар таудан асармыз.
Асып жайлы жасармыз,
Ел ер жетіп есен –сау.»

***

«Елім жаңа жұртқа қонды,
Жұрт жұмысқа қойды қолды.»

***

«Тасқында, тау суындай көңіл жыры,
Қазақтың сусындасын ойы-қыры.»

***

«Елдің өмірі жырдай болып,
Сұмның күні қуғын болды. »

***

«Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас!
Ынта салсаң, білі туын қолға алсаң
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас!»

***

«Ел үшін еңбек қыл
Көркейер біздің ел...»

***

«Асыл арманын аршып алдым,
Қашаннан қазынаға халқымыз бай»

***

«Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.»

***

«Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін»

***

«Жас мұраты, білім, тәлім- талабы,
Таудай болсын, оңалуға алабы.
Жас қанжары –жүректегі жігері,
Өнер оқу –жастың қару -жарағы»

***

Күніміз әлемді алсын жарқылдаған,
Үніміз жерді жарсын саңқылдаған.
Шуымыз шаттығымен шалқып көкке,
Туымыз тұрсын биік алтындаған!

***

Күшті Отан өнерлі өлке біз боламыз,
Қуанып, досы, жауы қалтылдаған!

***

Оқы, орталас, ұйымдас!
Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жиылатын күн жетті,
Қайтып ұйқың қиылмас!

***

Оян, ойлан, ұрандас!
Қатарлас, теңел, құрал жас!
Құлқыны жаман құзғындар,
Құралсаңдар –тұра алмас!