Сәкен Сейфуллин
 

Үш арыс / Три духовных маяка

bg 
 
 
 
background-image Document  

«Шыншылдық- адамшылық қасиетің»
«Жалғаншы атанба, бар,сертіңді өте.
Шыншыл бол, әділ халық бас иетін...»

***

«Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды артыңды,.
Жарқырап ататын таң әлі –ақ жетер!»

***

«Кімде кімнің тасқын судай қайраты,
Күркіреген бұлтты аспандай айбаты,
Дүбірімен дүниені жаңғыртып,
Ұран салып екпінді ерлер қосылар.»

***

«Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым,
Сым пернені басып қара,
Басып қара сырласым!»

***

«Кел, жігіттер
Болыңдар ер,
Жүйткіт, орғыт тұлпарды!»

***

«Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас бірігіп, тізе қос!
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық,
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды –біз теңдік алайық!»

***

«Отаршылдыққа бой ұсынып қалғандардың көбі орысша жазуды жақсы білсе де, қазақшаны білмейді. Қазақ тілін сіздер төменнен жоғары қарай жүргізіңдер. Біз жоғарыдан төмен қарай жүргізейік»

***

«....өзінің білетін тілінде сөйлесіп, сол өзінің білетін тілінде жазбаған соң, жергілікті еңбекшіл халық... өзі үстем болып қалған халықпен қатар отырып істей алмайды.»

***

«Тіршіліктік негізі - еңбек. Еңбекпен ғана адам жақсы тұрмысқа жетпек.»

***

«Тіл ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді сөздері болмаған.»

***

«Жүрекке ыстық, көзге сүйрік өз елім,
Тең құрбымен қағысып, ойнап жүргенім.»

***

«Біздің бір үлкен кемшілігіміз-басқа жұрттан бұрын өзімізді «киргиз» дейміз. Біздің «Қызыл Қазақстан» журналы орысша «Красный Киргизстан» деп аталады. Егер де біздің қазақ бұл қатені түзетем десе, оп –оңай түзетіп әкетер еді...

***

«Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік»

***

«Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды»

***

«Халықтың қорлық көрген туын ұстап,
Әділдік жолын іздеп қуған едім.»

***

«Өнерлі елге жетпек керек,
Болды ғой басып озып, өтпек керек. »
«Елден безген ер үшін
Ауыл емес қорыққан...»

***

«...Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыстан, ауданнан бастау керек. Волостной исполкомдарда істі қазақ тілінде жүргізу үшін уездерде соларға кісі даярлап жіберетін курстар ашылу керек. Ауылдан, болыстан, ауданнан қаладағы мекемелерге қағаз жазғанда ылғи қазақ тілінде жазып отыру керек. Қаладағы мекемелер қазақша жазылған сөздерді алып тексеріп отыруға міндетті. Күллі тілдің бәрі бірдей жүреді деген закон бар. Енді қазақша хат білетін кісілер де бағалырақ болу керек. Әлі қазақша хат білмейтін адамдар французша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы ап –анық нәрсе.»

***

«Қазақ» деген атымыз қайтарылып, егеменді ел болдық!