Қазақстан Республикасының Конституциясы=Конституция Республики Казахстан: Конституция 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.-Алматы: Дидар, 2005.-364 б.:суретті    

 

    Кітап үлкен көлемде, жақсы сападағы қағазда безендіріліп шығарылған. Кітапхана қорындағы Конституцияға арналған ең көлемді бұл фотоальбом кіріспемен ашылады. Ата заңымыздың тоғыз бөліміндегі 98 баптың әрбір жолы ұлы мұраттарға жол сілтейді. Кітаптан Конституцияның әр бөлімі, әр бабын оқып қана қоймай, өте көркем, әрі әсем суреттерді тамашалайсыздар. Бұл суреттер арқылы әрбір адам негізгі заңымызды жете түсінуге, жан-жақты ұғынуға мүмкіндік алады.