Міржақып Дулатов

       1911 жылы Қызылжарда көрнекті ақын-жазушы, журналист М. Дулатовтан  бір қыс орыс тілінен дәріс алады.
       Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған М. Әуезов былай деген: «...Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан әрине Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан культурасы зор ақын.»
       1913 жылы ол Ахмет, Міржақыптардың жөн сілтеуімен Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі, сонда болашақ ұлы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинмен танысып, бірге білім алады. 1917 жылы ол семинарияны алтын медальмен тәмамдаған.
«Педагогика»

       1922 жылы Орынборда жарияланған ең үлкен ғылыми еңбегі – «Педегогика» Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған.
        Осип Мандельштам ағайынды республикалардың әдебиетшілеріне паңдана қараған... Бірақ, бір қызығы Мандельштам Мағжаннан екі жас үлкен болғанына қарамастан, олар ұстаз бен шәкірттей жылы қарым-қатынаста болған.
Мағжан мен Мандельштам Тверскідегі «Стойле Пегас» және «Домино» деп аталатын ақындар кафесінде жиі кездесіп тұрған…
Мәскеу 20-30 ж.ж.

      1923 жылы Мағжан А. Луначарскийдің өтінішімен Мәскеуге көшіп келіп, Коммунистік университетінде шығыс тілдерінен дәріс оқиды. «Шығыс» баспасында орта, орталау қазақ мектептерінің оқулықтары мен оқу құралдарын шығарысады. Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы, «Педагогика», «Бала тәрбиелеу жолдары», «Сауатты бол» тәрізді мектепке арналған оқулықтар жазып, бастырады. Мұнда кешкісін жоғары әдебиет институтынан дәріс алып жүрген, орыстың ұлы ақыны Сергей Есенинмен сабақтас болады. Мәскеуде тұрған жылдары ол саяси
әдебиеттерді, көркем шығармаларды аударады. Аудара жүріп, өзінің идеялық-эстетикалық арнасы кеңіп, еуропалық зор мәдениетті жазушыға айналады.

Қызылжар

      1905-1910 ж.ж. Мағжан Қызылжардағы мұсылман медресесінде оқиды. Білімге құныққан Мағжан Бегішев медресесін бітіргеннен кейін, Уфа қаласындағы «Медресе-Ғалияға» келеді. Қызылжарда тағдыр жазып, көрнекті ақын-жазушы, журналист Міржақып Дулатовтан бір қыс орыс тілінен дәріс алады, ұстазының көмегімен классикалық әдебиет үлгілерінен сусындайды. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтың өзіне ұнаған жекелеген өлеңдерін аударып, ақындық қуатын шамалап көреді. 1917 жылы Шоқанның інісі Жақып төренің қызы – сұлу Зейнепке

үйленеді. 1919 жылы Зейнеп балаға босану кезінде қаза болады. Азамат есімді ұлы бір жасында шетінеп кетеді. 1921 жылы Ақмола Губерниялық «Бостандық туы» газетіне редактор болып тағайындалады. 1927 жылы кеңес партиялық мектебінде және қазақ-орыс педагогикалық техникумда ұстаздық етеді. 1929 жылы шілде айының бас кезінде Қызылжардағы өз үйінде тұтқындалады. 1936 жылдың қыркүйегінен бастап Пушкин атындағы № 7 орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Педтехникумда да уақытша сабақ береді. 1937 жылы қаңтар айының соңынан бастап ұстаздық қызметінен айырады. 1937 жылдың наурызында Мағжан Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға жүріп кетеді.
М.Горький

       М.Жұмабаев М.Горькийді аса жоғары бағалап, ең алғашқы болып қазақ тілінде «Сұңқар жыры» атты кітабын басып шығарады. (Москва, 1924 ж.)
       Мағжан В. Брюсов атындағы жоғары әдебиет институтында білім алады. Мағжанның ақындығына В. Брюсовтың өзі тәнті болып, оны «Қазақтың Пушкині» деген екен.
Михаил Аркадьевич Светлов

      М. Светлов 20-30 жылдары Қазақстанда есімдері атауға тыйым салынған қазақ жазушыларын білген. Ол М. Жұмабаев достарының бірі болған. М.А. Светлов жиырмасыншы жылдардың ортасында Брюсов атындағы институтында білім алған.
       Ұлжан Жұмабаева ақын Мағжан Жұмабаевтың немересі. Ол Мағжанның қара шаңырағында өсіп, тәрбиеленді. Ақынның адал жары болған Зылиха Мағжанның басына түскен барлық ауыртпалықты оқып жүрген кезінде де, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұста да, лагерьде айдауда болған жылдары да онымен бірге бөлісіп өтті. Ол Мағжанның ағасының немересін Ұлжанды асырап алған болатын.
[үстіне]
Ұлжан Жұмабаева
Валерий Брюсов
Осип Мандельштам
Омск мұғалімдер семинариясы
Мұхтар Әуезов
Мағжан
жырымен жұртын оятқан