Ұлы Отан соғысына қатысушы ақын-жазушылар – жігерлі де батыл әрі талантты тұлғалардың ұрпағы.

Олардың еңбектерінен соғыстың тыныс-тіршілігі айқын аңғарылады. Ол көрініс тек қатал әскери кезең жайлы ғана емес, сонымен бірге махаббат пен бейбіт өмірге, туған жердің әсем табиғатына арналған жолдардан да байқалады.