Конституция – Қазақстан
Республикасының Негізгі Заңы. Биыл оны қабылдағанымызға жиырма бес жыл толып
отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының осы басылымы айтулы күнге орай
шығарылды. Кітап-альбом тамаша суреттермен безендіріліп, өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген барлық бап кірді.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті "Әдебиеттің
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" бағдарламасы бойынша шығарылды, Мәтіні
қазақ және орыс тілдерінде.
Тәуелсіз Қазақ елінің Мемлекеттік Елтаңбасы әлемдегі ең әдемі мемлекеттік символдардың бірі. «Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында саяси астар немесе күш көрсету белгілері жоқ. Онда қазақ халқының ғасырлар қойнауына кететін бай тарихы, қалыптасқан әдет-ғұрпы, төл мәдениеті және өзіне тән бостандық сүйгіштік, кеңпейілділік, қонақжайлылық қасиеттері паш етіледі. Ол – тәуелсіз елімізді мекендеген қазақ ұлты мен түрлі этнос өкілдері ынтымағының, тұтасқан рухани бірлігінің белгісі», - дейді Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков
Көркем безендірілген фотокітап
Мемлекеттік рәміздер мен Тәуелсіздік нышандарына арналған. Көпшілік оқырманға
ұсынылады. Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз. ... Қазақстанның
егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Әділеттің ақ
жолы.
Қазақстан музыкалық өнерінің
үлкен жанашары, композитор, педагог-ұстаз Латиф Хамидидің есімі ешқашан
ұмытылмақ емес. Ол өзінің бар саналы ғұмырын қазақ өнерін насихаттап, дамытуға
жұмсады. Оның жазған әндері, опералар әлі де сахнадан орындалуда. Халықтың
рухани қазынасынасы айналған.
Кітап музыка зерттеушілер мен өнер қуған жастарға және жалпы көпшілікке
арналған.
Вместе с этой книгой ты совершишь увлекательное путешествие по нашей Родине – Республике Казахстан. Ты узнаешь, что такое Конституция и государственная символика, что входит в обязанности Президента и как устроено наше государство. Ты познакомишься с такими понятиями, как государственная власть и выборы, гражданин и депутат. Ты найдёшь ответы на вопросы: «Что значит быть настоящим гражданином?» и «Кто пишет законы?». А ещё ты прочитаешь много интересного о достопримечательностях нашей Родины и сможешь найти их на карте Казахстана. Ты узнаешь, сколько рек и озёр, сколько областей и городов в Казахстане, сколько людей живёт на территории нашей страны, прочитаешь о главных городах нашей Республики – Астане и Алматы, и узнаешь, как отмечаются в стране самые важные праздники.
Үш тілде әзірленген
рәмізбаян-эссе Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұранына арналған. Ел
әнұранының мәтіні, нотасы және авторларының суреттері мен өмірбаяндық деректері
қоса беріліп отыр. Кітап студенттерге, ұстаздар мен мектеп оқушыларына,
тарихшылар мен мәдениеттанушыларға, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тарихын
білгісі келетін қалын көпшілікке арналады.
Әр мемлекеттегі жоғарғы биліктің өзіндік әлеуметтік-мәдени сипаты және өзіндік тарихы бар. Мемлекеттің мәдени-тарихи ерекшелігі мемлекеттік рәміздерде: Елтаңба, Ту және мөр болып табылатын атрибуттарда айқын көрінеді. Дәстүрлі қазақ мемлекеттілігінің басты белгісі қазақ хандары мен сұлтандарының қолданбалы металл мөрлері болды. Бұл еңбек 18-19 ғасырдың ортасындағы қазақ билеуші элитасының эпистолярлық мұрасы жөніндегі үлкен зерттеу жобасының бөлігі болып табылады. Зерттеуде қазақ хандарының мөрлерін жасау материалдары мен тәсілдері туралы құнды мәліметтер берілген.
Бұл кітап, Қазақстан
Республикасындағы бүгінгі таңда жұмыс істейтін мемлекет тарапынан құрылған 18
кәсіптік және 60-қа жуық әуесқой халық аспаптар оркестрлерінің репертуарларына
пайдалану мақсатында ұсынылып отыр.
Берілгі отырған Мұқан Төлебаевтың шығармалары халық аспаптар ансамбльдерінің
қолдануларына, арнаулы оқу орындарының музыка мамандарына, дирижерларға, жалпы
әнсүйер қауымға арналған.
«Қазақ музыкасының бәйтерегі»
атты деректі естеліктер жинағы сол өткен ғасырдың 40-50 жылдарынан бері қарай
композитордың халқының рухани қазынасына айналған шығармашылығы, жоғары
кәсібилік шеберлегі туралы әр жылдарда баспасөз беттерінде жарияланған
зерттеулер, мұрағат материалдары 100 жыл толатын меретойы қарсаңында ұсынылып
отыр.
Кітап қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылардың бірі, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан музыкалық білім беру және композиторлық мектебінің жетекшісі Евгений Григорьевич Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған. Профессор ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосты. Оның «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Боз айғыр» сынды опера, пьесаларға жазған симфониялары өз орындаушыларын тауып, халық ықыласына бөленді. Жинақ композитордың 110 жылдық мерейтойына арналып шығарылған. Жұмыста сазгердің бай музыкалық мұрасына талдау жасалған, сонымен қатар замандас-музыканттардың, ұстаз шәкірттерінің естеліктері, хаттары берілген.