Mobirise Website Builder

Көк түс. Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Күн. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі. Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Ұлттық өрнектер. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді. 

Mobirise Website Builder

Шаңырақ
Әлемдік геральдика тарихында шаңырақ тұңғыш рет мемлекеттік рәмізде қолданылып отыр. Ол ел тұтастығын, ошақ, отбасы бірлігін білдіреді. Қазақ халқы шаңырақтың биіктігін, керегенің кендігін, босағаның беріктігін батамен де, түрлі бейнемен де рәміз деңгейіне көтере алған. Шаңырақ, кереге, босаға ұғымы - елдіктің символы. Шаңырақ бейнесі - Қазақстанды мекендейтін барша этносқа тән ортақ отбасының, ортақ үйдің нышаны. Шаңырақ - қоғам үшін басты біріктіруші ұғым.
Шеңбер - шексіз өмір мен тіршіліктің белгісі. Қазақта «Ер - шаңырақ, ел - уық» деген нақыл кездеседі. Ер - көшбасшылықтың, батылдықтың, мінездің баламасы.
Ата-бабамыздан қалған «қасиетті қара шаңырақ» деген ұғым бар. Кейінгі заманда «шаңырақ шаттығы» деген тіркес те жиі айтылып жүр. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарды «шаңырақ құрды» деп сипаттайды. «Бұл – құрылған отбасының тұғыры берік, мәртебесі жоғары болатынына әрі тілек, әрі сенім. Бұл – тәуелсіздігімізге де тиесілі. Шаңырақ – киіз үй мен көк әлемінің арасын қосып тұратын қасиетті ұғым. Шаңырак тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дөңгелек түр беретін шеңбер. Ал күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады», - деп жазады Ж.Мәлібеков.
Кереге
Елтаңбадағы кереге - өз алдына дербес отау көтерген еліміздің іргесі берік болсын деген мағынаны береді. Кереге, уық, босаға, шаңырақ - қазақ таңбаларынан да көрініс тапқан. Кереге уық арқылы шаңырақты көтереді. Ол сыртқы кұбылыстардан қорғап, сақтайды. Үйдің дұрыс тігіліп, орныкты бой көтеруі де осы керегеге байланысты. «Керегең кең болсын» деген дәстүрлі тілек ұғымының ауқымы зор. Рәміздік кереге бейнесі туелсіздігіміздің өрісі кеңейіп, дүние жүзі елдерімен тең құқыктык карым-катынаста болсын деген мәнді ұқтырады яғни еліміздің өрісі кеңейе берсін мағынасында. Қазақтың киіз үйі гармониялық үйлесімін тапқан әлемде теңдесі жоқ архитектуралық туынды. Оның әр бөлшегі Елтаңбаға айрықша ерекшелік сипат береді.
Босаға
Босаға қасиетті. Елтаңбада шаңырақтың екі жағынан екі сақина аркылы түскен қос желбау көрінісі геральдика тәсілімен босағаны құрайды. «Босағаң берік болсын» деген сөз – қазақтың тұмардай қасиетті тілегі. «Ақ босаға» - тазалық пен жүйеліліктің белгісі әрі ата-ананың ақ ниеті. Бұл рәміз «Тәуелсіз Қазақстанымыздың босағасы берік болсын!» деген ұғымды білдіреді. Босағаның жоғарғы жағында қазақ өрнегімен безендірілген таразы басы тепе-теңдікті, әділеттілікті меңзейді. Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықты мемлекет. Конституция бойынша бірінші кезекте адам құқығы, бостандығы мен теңдігі танылады. Таразы басы сипатындағы геральдика әдісі осы ұғымдарды жеткізу үшін қолданылған.
«Босағаны керме» (немесе «босағаға керілме») деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, «босаға майлау» ырымы да бар. Жастар жеке отау кұрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл «осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендерден бата алғызған.
Босаға - киіз үй құрылымында маңдайша мен табалдырық арасын белгілі бір қашықтықта ұстап тұруға, үйге кіріп-шығу үшін есіктің екі жаққа ашылуы мен айналмалылығын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Киіз үйдің арнайы жасалатын бұл бөлшегі керегеге бекітіледі.
Уық
Уық - кереге мен шаңырақты ұштастыратын конструкциялық элемент, яғни ол кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық сипаты «алақан», «иін», «қар», «қалам» деген атауларды қамтиды. Уықтың жоғарғы түзу жағын – «қары», шаңырақ көзіне яғни қаламдыққа сұғынатын төрт қырлы ұшын – «қалам ұш» дейді. Уықты кереге басына байланатын жағынан тесіп, бау өткізеді, оны «уық бау» (кейде «балақ бау») деп атайды. Уық иінінен ішке иіле жасалады, яғни күмбездің үлгісі осы уықтан басталады. «Шаңырақтың мықтылығы - уығынан» деген нақыл да бар.
«Қазақстан» жазуы - босағаның маңдайшасына шаңырақ желбаудан түскен желекке осылайша мемлекет аты таңбаланған. Конституция бойынша «Қазақстан» - «Қазақ елі», «Қазақ мемлекеті», «Қазақстан Республикасы» деген ұғымды білдіреді. Жазу маңдайшаның ортасына орналасқан. Айналасы майда ойықтармен бедерленіп, қызғыш алтын түспен боялған.
Елтаңба өңі - алтын сипатты, уықтардың және шаңырақ күлдіреуіштерінің арасы көгілдір аспан түсті. Елтаңбамыздын сырт бейнесі батырлар қолданған қалқан тәріздес. Ол берік қорғаныс мәнін ұқтырады. Елтаңбаның архитектоникалық құрылымы математикалық заңдылықтармен, көркемөнер және геральдикалық бейнелеу тәсілдерінің классикалық нұсқалары бойынша жасалған.
Елтаңбадағы желбау
Бұл сақина арқылы шаңыраққа байланатын баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмак байланады. Желбау - киіз үйдің шаңырағына тағылатын қос құр. Қатты жел соққанда үйді құлатып кетпеуі үшін желбауға ауыр заттар байланады. «Үй болған соң, белбау да керек, желбау да керек» дейді қазақ. Желбау - шаңыраққа төрт жерден байланып, керегеге асырылатын, әрқайсысында төрт шашақтан төрт қатар шашағы төгіліп тұратын әрі сәндік-жиһаздык, әрі беріктік сипаттағы өрнекті кұр. Елтаңбада желбаулар арқылы геральдикалық тәсілмен босағаны білдіреді. «Босағаң берік болсын» ұғымының мағынасын күшейту үшін маңдайшаға «Қазақстан» жазуымен айқындалады. Дауыл, боран соққанда шаңырақтың төрт жеріндегі осы желбаулардың ұшы төменде түйіп байланып, оған ауыр жүктерді асып қояды.
Елтаңбадағы басқұр - дүниенің тепе-теңдігін сипаттайтын ұғым. Таразы басы тәрізді оське симметрия жүгін сақтап тұрған геральдикалық элемент.
Жұлдыз
Елтаңба маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол – микрокосмос пен адам белгісі. Рәміздің дөңгелек сипаты - Ұлы Дала халқы айрықша қастер тұтатын өмір мен мәңгілік символы.
«Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады» дейді халық. Осындай жұлдыз мемлекетке де тән. Біз де өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болатынына сенеміз. Қазақстанның әрбір азаматы сол жұлдызды бағдар етіп алуы, ел жұлдызы алға бастайтынына, жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне үміт артуы ләзім.
Елтаңбадағы «бес бұрышты жұлдыз» әлем кеңістігіндегі даму, өсіп-өркендеу жолын анықтаған Елбасының «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасады. 1992 жылдың 4 маусымы күні Қазақстан Республикасы Парламентінің ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: «Дорогие депутаты, нельзя сравнивать пятиконечную звезду на гербе ни советской властью и не с религий. Қазақ халқы «Әр адамның өз жұлдызы болады, сондықтан халық «жұлдызың жансын!» дейді. Так что, мы молодое независимое государство, у нашего государстве есть свой путь развития» деген еді. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашык. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжi iспеттi