Баланы мектепте оқуға, мектеп өміріне дайындау - әрбір ата-ананың міндеті. 140 тапсырмадан тұратын, ата-аналарға көмек ретінде шығарылған бұл кітап баланы бір жылдың ішінде мектепке даярлауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар арқылы бала жазады, оқиды, әріп пен дыбыстарды талдайды, сандарды санайды. Және ең маңыздысы - бала салыстыруға, талдауға, ойлауға, өз бетімен сөйлеуге, өзінің ойын жеткізуге, қорытынды жасауға, әңгіме құрастыруға, заттарды, суреттерді бейнелеуге жаттығады.
«Ойыншықтар әліппесі» - 5-7 жасар балдырғандарға арналған. Кітапта балалар әріп және дыбыстармен танысады, буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырады. Ойлау қабілетін арттырады. Басылым қызықты және танымдық тақпақтардан, жаңылтпаш пен жұмбақтардан, өтірік өлеңдерден тұрады.