Мұғалімге көмек

Байтұрсынұлы, А.

Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, лингвист, түрколог ғалым, ақын, аудармашы А.Байтұрсынұлының бес томдық шығармалар жинағының 1-томына «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер кітабы және «Қазақтың бас ақыны» ұлы Абай туралы, «Әдебиет танытқыш» атты педагогикалық әдеби-ғылыми зерттеулері енген

Толығырақ

Ыбырай Алтынсарин

Бұл еңбек Қазақ халқының біртуар ұлы Ыбырай Алтынсаринге арналған. Белгілі ғалым Ә.Дербісәлин ұлы ағартушының өмірі мен творчествосын ұзақ жылдар зерттеп, қазақ мектептерін ашу, оқулықтар жазу, балалар әдебиетінің негізін салудағы жазушылық еңбегін тарихи, әдеби деректерге сүйеніп, тартымды баяндайды.

Толығырақ

Қабуснама

Қабуснама» - 1802-1083 жылдар ішінде жазылған шығыс педагогикасы тарихында аса бағалы шығармалар қатарынан орын алды. Оны Кайқаус 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазған. Автор өз насихаттарын өмірден алынған мысалдармен, тұрмыстық суреттемелермен, қанатты сөздермен толықтырып, оған ой-тұжырымдарын қоса айтып, тыңдаушыны әсерлендіре білген.

Толығырақ

Әбішева С.

Бұл еңбек Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, КСРО Мемлекеттік силығының лауреаты, Крупская медалінің иегері, біздің жерлесіміз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваға арналған. «Қазақтың Қанипасына» айналған, әрі қазақтың педагогикасының ірі тұлғаларының қатарынан орын алған ұстаз жолы нақты дәлелдер мен мысалдар арқылы келтірілген.

Толығырақ

Жұмабаев М. Педагогика

Қазақтың кемеңгер ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты әрі оқулық, әрі методикалық сипатты кітабы ақынның көзі тірісінде екі мәрте жарық көрген. Кітап негізі он бес бөлімнен тұрады. Онда дене тәрбиесі мен рухани тәрбиенің мәселелері жан-жақты терең қамтылады.

Толығырақ

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Оқу құралында соңғы жылдары әдістемелерге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия, кері байланыс, тренингтер, ойындар жинақталған. Көмекші құралдағы материалдар алғаш рет әліпбилік жүйемен берілген.

Толығырақ

Қалиғожин Советхан

«Білікті ұрпақ тәрбиеле- заман талабы» кітабының авторы біздің қадірлі жерлесіміз Советхан Қалиғожин еңбегінде тәрбие жұмыстарына қатысты әр түрлі тақырыптағы сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сынып сағаттарында қолдануды – сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде жинақтап, ұсынады. Педагогтерге бұл жинақ сабақтан тыс жұмыстарда қолдануға көп жәрдемін тигізеді, өйткені ол заман талабына сай өзекті тақырыпқа араналған.

Толығырақ

Набуова Роза

Оқу құралы сынып жетекшілерінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру, зерттеу, тәрбие жұмыстарын үлгілеу, үлгіні практикада жүзеге асыру бағыттарын айқындайды.

Толығырақ

Қажиева Г.Т. Тәрбие құралы

Қай ұлттың болмасын тәрбие ісінде басты негізге алатын қайнар көзі – ұлттық тәрбие. Ұсынылып отырған оқу құралы – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың бойына рухани және мәдени құндылықтарды дарытып, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. Тәрбие құралы қазақ халқының тағылым-тәрбие үрдісін негізге ала отырып, сынып сағаттарын жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ауғанбаева Б. Тәрбие өнері

Әдістемелік құралда тәрбие жетекшісінің жеке тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашуға негізделген тәрбие сағаттары, әр түрлі тақырыптағы шығармашылық кештері, халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми практикалық конференция, семинарлардағы жасалған баяндамалары, баспасөздерде шыққан мақалалары жинақталып берілген. Әсіресе, ұлы Абайдың тағылымына негізделген тәрбие жұмыстары көңіл аударады.

Толығырақ