phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
«Қыран елім – Қазақстан» облыстық жас суретшілер байқауы

«Қыран елім – Қазақстан» облыстық жас суретшілер байқауы

Республика күні қарсаңында 22 қазанда сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Қыран елім – Қазақстан» атты облыстық жас суретшілер байқауы өтеді.

Байқау 5–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, жас буынның шығармашылық әлеуетін дамытуға, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Жас суретшілер өз туындыларын «Менің Қазақстаным – бейбіт ел», «Тәуелсіздік – басты құндылығым», «Туған жерімнің табиғаты», «Рухани жаңғыру: дәстүр мен болашақ» тақырыптары бойынша ұсына алады. Қатысушылардың жұмыстары еркін техникада (акварель, майлы бояу, гуашь, графика және т.б.) орындалып, А3 немесе А2 форматында қабылданады. Әрбір жас суретші өз туындысын 3–5 минут көлемінде қорғап, ойы мен идеясын түсіндіреді.

Бағалау кезінде қазылар алқасы шығарманың бірегейлігіне, тақырыппен үндестігіне, көркемдік деңгейіне және орындау мәнеріне баса назар аударады.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталып, үздік жұмыстар көрмеге қойылады.

Байланыс тел.: 26-13-33


 DosAI

Предыдущая версия сайта

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp