phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ВС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Өмір жыршысы» республикалық онлайн еске алу кеші

«Өмір жыршысы» республикалық онлайн еске алу кеші

21 желтоқсанда Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай Zoom платформасында «Өмір жыршысы» атты республикалық онлайн еске алу кеші өтті.
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. Ұлы Отан соғысының ардагері.
Шығармасы ел ішінде кең таралып, оқырманның қолынан түспей оқылған жазушы бақытты. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, бағы жанған майдангер-жазушының ғасырлық мерейтойы Республика аумағында тойлануда.
Көзінің тірісінде жазушы бақытын сезініп һәм еңбегі бағаланған Халық жазушысы Әзілхан аға туралы оқырмандардың айтары мол. Онлайн Еске алу кешіне Әзілхан Нұршайықовтың көзін көріп тілдескен ардагер журналист Мәуітқазы Зүкенов, жазушы жерлесіміз Нұрдәулет Ақыш, жазушының немересі Дина Жансағым, немере қарындасы Зина Қалидолқызы, Жарма ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері - Алшымбаева Дариға Құрманқызы қатысты.

 

Nur1 Nur2

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp