phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Кітапханаға жол көрсету

1-ші қабат

Кабинет № Қызмет
- Тіркеу кафедрасы
- Мамандандырылған қызмет залы
1 Сауықтыру залы
2 Шеберлер мектебі
12 Балалар секторы
14 MakerSpace

15

Жастар интеллект-орталығы

IT-OTAU

 

2-ші қабат

Кабинет № Қызмет
16                 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы
25 Неміс-француз оқу залы
26 Оқу залы
28 Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы
29 Америка бұрышы

 

1-ші қабат

 

Сектор регистрацииТіркеу кафедрасы

Тіркеу кафедрасы біздің оқырман болуға жол ашып, алғашқы ақпараттық көмек көрсетеді!

 

 

 

Оздоровительный залСауықтыру залы

Сауықтыру залы (1-қабат) – кітап пен спорт тренажерлерінен құралған біздің ақпараттық культуризм.

 

 

 

zal spec

Мамандандырылған қызмет залы
Мамандандырылған қызмет залы (№ 1 кабинет) қимыл-тірек аппараты, есту және көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жабдықтармен қамтылған.
 
 
 

Школа мастеров Шеберлер мектебі

Шеберлер мектебі (№ 2 кабинет) – сурет салу, жапсыру, тігу, ағаш станогында тоқыма тоқу, төменқол материалдардан әртүрлі бұйымдар жасауға үйрететін шығармашылық шеберхана.

 
 

 

Балалар секторы (№ 12 кабинет) – мұнда балаңыз алғашқы кітабымен қауышып, жанына жақын ісімен шұғылдана алады: тілдерді меңгеру, шахмат, қағаз бұйымдары, сурет салу, ән айту т.б.
 
 
 

 

MakerSpaceMakerSpace

MakerSpace (№ 14 кабинет) – бұл орталыққа 3D модель құрау, ұшатын дрон жіберу, өзінің шығармашылық қабілетін ашу және ғылыми эксперимент жасауды мақсат еткендер жиналады.

 

 

Молодежный интеллект-центрЖастар интеллект-орталығы

Жастар интеллект-орталығы (№ 15 кабинет) – роботтар құрастырып, оларды түрлі қимылдарға бағдарламалау, 3D-басып шығаруды игеріп, шахмат ойнап, музыка тыңдап, фотосуретке дұрыс түсіру, бейнеролик жасау т.б. үйренуге болатын талаптылар орны.

 

 

Молодежный интеллект-центр

IT-OTAU

IT-отау – компьютер сауаттылығы курстарын ақысыз меңгеріп, электронды кілт алып, мемлекеттік онлайн қызметтерді пайдаланып, кітап оқып, тіпті оны бірге талқылауды ұнататын әртүрлі жастағы адамдар бас қосатын орталық.

 

2-ші қабат

 

Читальный зал библиотеки первого Президента Республики КазахстанҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы (№ 16 кабинет) – Елбасының еңбектерін еркін пайдаланымға ұсынып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Болашақ саясаткер мен дипломаттар мұнда онлайн семинарлар, конференциялар, зерттеушілермен кездесулер өткізіп, сұхбат алаңдары мен пікірталастар ұйымдастыра алады.

 

Немецко-французский читальный зал Неміс-француз оқу залы

Неміс-француз оқу залы (№ 25 кабинет) – Гете мен Шиллер, Дюма мен Гюго тілдерін меңгеруді көздеген жандарға, сондай-ақ Германия мен Францияға сапар шегуді армандайтындар үшін барынша ақпарат беріп, лингвистикалық қолдау көрсетеді.

 

 

Читальный залОқу залы

Оқу залы (№ 26 кабинет) – салалық, ғылыми-танымал және көркем әдебиеттің кең таңдауын, сондай-ақ ауқымды анықтама қорын ұсынады. Мұнда жаңа газет-журналдар мен тақырыптық көрмелер, ақысыз Интернет қызметі де бар.

 

 

Центр по изучению нового алфавита казахского языкаҚазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы (№ 28 кабинет) – Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарымен онлайн бейнежазба дәрістер мен көпшілік кездесулер ұйымдастырады.

 

 


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp