Кезінде бабамыз Қабанбай толарсақтан саз кешіп, жанын шүберекке түйіп жүріп елінің даңқын шартарапқа танытса, бұл күнде елі батырдың атын жаңғыртып, құрметтеп, кейінгі ұрпақпен рухын табыстырып жатыр. Батыр бабамыздың 330 жылдық ұлан-ғасыр тойы халықтың ынтымақ бірлігін мықтап, ортақ мақсат-мүддеге жетелеп рухани байытып, өсіп-ілгерілеуімізге үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Қырық жыл ат үстінде бел шешпей, қар жамылып, мұз төсеніп, елін, жерін басқыншы жаудан қорғаған, артына өшпес із қалдырған Қабанбай батыр есімін тарихтың аманатындай бүгінгі күнге жеткізіп, құрметтеу – біздің басты парызымыз!