Көрнекті қазақ қолбасшысы – Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі Қазақстанның әйгілі назар аударарлық жерлерінің бірі. Ол Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округінің аумағында Қызылжар ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 км және Астана қаласынан оңтүстікке қарай 20 км жерде орналасқан. Кесене 2000 жылы сәулетші Ақжайық Сәуменовпен аты аңызға айналған батырдың болжамды жерленген жерінде салынды.
2004 жылы 14 желтоқсанда Семей қаласында темір жол
вокзалының алдында батыр, Қаракерек Қабанбайға арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.
Бұл ескерткіштің Жобасын 2003 жылы мәдениет министрілігінң мемлекеттік комиссиясымен
қабылданған болатын. Ескерткіш мүсінші Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі
Е.А.
Көкеевтің жобасы бойынша салынған.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды, батыр мініп тұрған тұлпар мен ат үстінде
отырған батырдың 3,8 метр биіктігі, салмағы 3,5 тоннаны құрайды.
Өскемен қаласының кіре берісіне көрнекті қазақ
қолбасшысы Қабанбай батырдың ат үстінде найзамен отырған бейнесі суреттелген қола ескерткіш
орнатылған.
Алты метрлік бұл ескерткіштің авторы – Нұрлан Далбай.
Ескерткіштің биіктігі (постаментпен бірге) 13 метрден асады.
Найзадан жылқының
құйрығына дейінгі қашықтық – 5,5 метр. Постаменттің ені – шамамен 7 метр.
Ескерткіштің
салмағы – 8 тонна.
Ескерткіштің ашылған күні: 8 мамыр 2014 ж.
Мүсінін жасаған Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, елімізге танымал мүсінші Болат Далбасұлы Құсайынов. Батыр ескерткішінің биіктігі 10 метр, гранит тастан қашалып жасалған. Осы атқарылған жұмысы үшін мүсінші Болат Құсайынов Үржар ауданы мәслихатының шешімімен Үржар ауданының Құрметті азаматы атағын алды. Жоба авторлары батырдың бейнесіне ерекше назар аударған. Өйткені шайырдың бейнесі әдеттегідей аттың үстінде емес, қасқайып тік тұр.
Ескерткіш 2009 жылы орнатылып, осы жылдың жиырма төртінші қыркүйегінде ашылған. Ескерткіштің
авторлары: архитекторы – Қабай Баулуков, мүсіншілері – Мәлік Жүнісбай, Болат Құсайынов.
Биіктігі 5 метр, салмағы 5 тоннаны құрайтын ескерткіштің астына қойылған тас граниттен,
ескерткіш қоладан құйылып жасалған. Қабанбай батыр бес қаруын асынып тұр.
Тұғырда
«Қаракерей Қабанбай (Ерасыл)1692-1770 жж.» деген жазу бар.
Ескерткіш «Менiң бабам - Қаракерей Қабанбай» қорының қаражаты есебінен орнатылған. Жобаның құны - 30 млн.-ға жуық теңге. Аңызға айналған жерлестеріне естелік орнату идеясын Тарбағатай ауданының барлық тұрғындары да, атақты жерлестері де қуаныштарын білдіріп, бұл нысанның құрылысына қолдан келген көмектерін көрсеткен