phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ВС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Новости и афиши

«Катонқарағай - аңыздар өлкесі»,«Көккөлдегі көразап»  кітаптарының тұсаукесері

«Катонқарағай - аңыздар өлкесі»,«Көккөлдегі көразап» кітаптарының тұсаукесері

2 қараша күні сағ 11.00 де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызының «Катонқарағай - аңыздар өлкесі» және «Көккөлдегі көразап» кітабының тұсаукесері өтеді.

Катонқарағай өңірінен түлеп ұшқан Гүлзира Дәулетханқызы саналы ғұмырының ширек ғасырға жуық уақытын кітапхана ісіне арнаған маман. Еңбек жолын Берел ауылдық кітапханасынан бастаған Гүлзира Жұмағұлова кітапханашылық жолда тынбай еңбек ете жүріп, көптеген жетістіктерге жеткен. Ұзақ жылдар кітапхана саласында қызмет атқарған Гүлзира өзін ізденімпаз өлкетанушы ретінде көрсете отырып, Алтайдың ақиығы, жерлес жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығын насихаттауда өлшеусіз еңбек сіңірді. Осы жылдарда шығарған жиырмаға тарта өлкетану құралдары бүгінде оқырмандар сұранысына ие.

Гүлзира Жұмағұлованың ұзақ жылғы еңбегі «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» медалі және «Оралхан Бөкейдің 80 жылдық» мерекелік медалімен бағаланған. Қазіргі уақытта Гүлзира Дәулетханқызы құрметті еңбек демалысында. Зейнетке шыққан соң шығармашылыққа ден қойған тәжірибелі кітапханашы туған өлкесінің тарихын қағаз бетіне түсіріп жазушылыққа бет бұруда.

«Катонқарағай - аңыздар өлкесі» кітабы бірнеше бөлімнен тұрады. «Алтай өңірі туралы мифтік аңыздар», «Топонимдік аңыздар», «Тарихи аңыз әңгімелер» «Шежіре аңыздар» сияқты тылсым-құпяға толы аңыз әңгімелер оқырманды бірден өзіне баурап алады. Ал, «Көккөлдегі көразап» кітабы Мұзтау түбінде орналасқан, кезінде вольфрам концентратын соғыс мақсатында өндірген «Көккөл» кенішінің жансебіл кеншілеріне арналады. Автордың көпшілікке жол тартқалы отырған қос туындысы  оқырманның сүйікті кітабына айналары сөзсіз!

Құрметті кітапсүйер оқырман! Баршаңызды Гүлзира Дәулетханқызының
«Катонқарағай-аңыздар өлкесі», «Көккөлдегі көразап» кітабының тұсаукесеріне шақырамыз!

Келіңіздер! Күтеміз!


Предыдущая версия сайта

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ВКО, г. Усть-Каменогорск
ул. Казахстан, 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp