phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Новости и афиши

    «Мен- Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» кездесу

    «Мен- Алтайдан ұшқан Ақсұңқар» кездесу

    11 маусым күні кітапханада ақын, әнші, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызымен «Алтай – Алатау арасы...» атты шығармашылық кездесу өтті.

    Кеш барысында қаламгер оқырмандармен емен-жарқын сұхбат құрып, ақындық жолы, тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясы, аударма өнері, журналистикадағы тәжірибесі және шығармашылық ізденістері туралы ой бөлісті. Кездесуде ақынның туған жерге деген сағынышы мен Алтай рухын арқау еткен жырлары оқылып, көрермен қауым оның шығармашылық әлемімен жақынырақ танысты.

    Шара барысында Ақсұңқар Ақынбабақызы әлем әдебиетін қазақ тіліне аудару тәжірибесі, өз туындыларының өзге тілдерге тәржімалануы жөнінде әңгімелеп, аударма саласындағы еңбектері туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық жолындағы тағылымды тәжірибесімен бөлісті.

    Кештің ерекше әсерлі сәттерінің бірі – ақынның  Алтай әндерін және авторлық шығармаларын орындауы болды. Көрермендер өнер иесінің әншілік қырын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

    Шара соңында еркін микрофон ұйымдастырылып, қатысушылар ақынға өз сауалдарын қойып, шығармашылығына қатысты пікірлерін жеткізді. Ақсұңқар Ақынбабақызы жастарға ақ батасын беріп, туған жердің рухани өміріне әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті. Кездесу поэзия мен өнерді қадірлейтін оқырман қауым үшін тағылымы мол, рухани мазмұны терең кеш ретінде есте қалды.

     Aqsūñqar kezdesu 1    Aqsūñqar kezdesu 2  Aqsūñqar kezdesu 10  Aqsūñqar kezdesu 9 Aqsūñqar kezdesu 11   Aqsūñqar kezdesu 5  Aqsūñqar kezdesu 6

     DosAI

    Предыдущая версия сайта

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ВКО, г. Усть-Каменогорск
    ул. Казахстан, 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp