phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  ВТ- ПТ: 8:00-18:00
         СБ-ВС: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Новости и афиши

    «Бақытты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті

    «Бақытты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті

    2026 жылғы 8 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

    Рухани кездесу «Әкелер күні» қарсаңында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналды.

    Астана қаласынан арнайы келген кітап авторы Ғалымжан Есқараұлы өзінің өмір жолы, ғылыми және шығармашылық қызметі туралы айтып, «Бақытты ғұмыр» кітабының жазылу тарихымен бөлісті. Автордың айтуынша, бұл еңбек – көп жылғы ізденіс пен өмірлік тәжірибенің, адам болмысы мен рухани құндылықтар туралы толғаныстарының нәтижесі.

    Кездесу барысында қатысушылар авторға кітаптың мазмұны, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастар тәрбиесі, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және кітап оқудың маңызы туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Ысқақтың арнайы бейнеқұттықтауы көрсетілді.

    Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Арман Есполатұлы Қожамқұлов; қоғам белсендісі, «Нұр сана» білім беру орталығының негізін қалаушы Нұрия Сейітбекқызы Темірбекова және кәсіпкер, меценат Қайрат Маратұлы Мусин, кітапхана директоры Назым Ерназарқызы Тлеубкеова қатысып, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Ұлан ауданынан келген «Әжелер алқасы» аналық ақ баталарын беріп, Абайдың әнін шырқады.

    «Бақытты ғұмыр» кітабы төрт бөлімнен тұрады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, адамгершілік құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлер мен өнегелі өмір мәселелері кеңінен қамтылып, оқырманды ата-ана өнегесін құрметтеуге, отбасының қадірін бағалауға үндейді.

    Кеш барысында дәстүрлі әнші Қабдоллаев Дәулет Мәулітханұлы халық әндерін орындап, рухани шараның көркін аша түсті. Сонымен қатар қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, жас отбасыларға арналған тағылымдық ойлар мен өмірлік тәжірибелер ортаға салынды.

    Тағылымды кездесудің соңында оқырмандар авторға алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.
    Шара отбасы институтының маңызын насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған мазмұнды рухани кездесу ретінде көпшілік көңілінен шықты.

    Бақытты ғұмыр тұсаукесер 1 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 9 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 15 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 16 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 17 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 18 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 19
    Бақытты ғұмыр тұсаукесер 20 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 21 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 22 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 23 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 24 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 25 Бақытты ғұмыр тұсаукесер 26

     

     


     DosAI

    Предыдущая версия сайта

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ВКО, г. Усть-Каменогорск
    ул. Казахстан, 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp