Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.
2020 жылы, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.

Абай жолы

Мұхтар Әуезов

1897-1961

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Абай Құнанбайұлы

Ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған классик.

Роман - эпопеясы туралы

«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 
Роман-эпопея арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты.

How to build a website - Try here