Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының (қазіргі Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысы) Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқып, білім алған. Атасы Әуез Абай өлеңдерін жаттатып, болашақ жазушының көзқарасының қалыптасуына ықпалдық етті. 1908 жылы М. Әуезов Камалиддин медресесінде, кейін орыс мектебінің дайындық курсында оқиды. 1909 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, оны ағасы Қасымбек өз тәрбиесіне алып, Семей қалалық бескластық училищеге оқуға береді (1910-1915). Бесінші сынып оқып жүргенде Мұхтар өзінің алғашқы «Дауыл» (В бурю) шығармасын жазады.

1915 жылы Семей қаласында мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. 1917 жылы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жолсыз жаза» дастанының ізімен «Еңлік-Кебек» пъесасын жазады.

Ресейдегі саяси оқиғалар (1917), Алаш қозғалысы (1917) және Кеңес өкіметінің құрылуы (1917) оның өміріне өзгерістер әкелді. Әуезов «Алаш жастары» одағын құрып, «Алаш» және «Сарыарқа» газеттеріне мақала жазады, түрлі үйірмелердің ашылуына ықпалын тигізеді.

1918 жылы 5-13 мамырда Омбыда өткен қазақ жастарының жалпы құрылтайында (съезд) орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Алаш қозғалысын қолдайтын «Жас азамат» атты Жалпықазақ жастар ұйымына белсенді қатысты.

Семей қаласында Жүсіпбек Аймауытовпен бірге ғылыми-қоғамдық «Абай» журналын шығарады, онда ұлттық-демократиялық қоғам құру идеясы туралы ғылыми-танымдық мақалалар жарияланып тұрған. Басылым 13 нөмірі шыққаннан кейін жабылады.

Алаш үкіметі тараған соң, Әуезов астыртын жұмыс істейді. 1919 жылы Семей мұғалімдер семинариясын бітіреді. 1919 ж. бастап – Семей губерндік революциялық комитеттің бөлім меңгерушісі.

«Қазақ тілі» («Казахский язык») газетін шығарады. Қазақ оқырмандарына арналған «Ашық хатында» халықты қоғам өміріне қатысуға шақырады. Осы жылы Әуезов Райхан Кәкенқызымен ажырасып, Абайдың немересі Кәмила Мағауияқызына үйленеді.

1921 ж. Семей революциялық комитетінде қызмет істейді. 1921 ж. қарашасынан мамырға дейін саяси хатшы – Қазақ АССР-і Орталық атқару комитеті президиумының мүшесі.

«Қызыл Қазақстан» (№ 3-4, 1921) журналында Әуезовтың «Қорғансыздың күні» («Судьба беззащитной») әңгімесі жарияланады. «Еңлік-Кебек» пьесасының екінші нұсқасы («Теке - Орал») жарық көреді. Қазақ театрында Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал», «Ел, ағасы» пьесалары қойылады.

1921-1922 жж. Әуезов қазақ интеллигенциясын қуғындау саясаты мен Мәскеудің экономикалық қысымын сынайды. 1922 ж. 7 наурызда Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі Смағұл Садуақасовпен бірге болшевиктер партиясына қарсылық саяси, экономикалық, әлеуметтік талаптар қойылған хат жазып, РКП(б) Орталық Комитетінің өкілі В. Г. Юдовскийге ұсынады. Соның негізгілері - ұлт тәуелсіздігі, аштықты жою, тәркіленген жерді қазақтарға қайтару, қазақтарды өндіріске тарту, халық ағарту, ғылым мен баспа ісін дамыту мәселелері РКП(б) Қазақ обкомы перзидиумының жиынында қаралады.

1922 ж. 11-20 наурызда Әуезов және Сәдуақасов «ұлтшыл-алашордашылар» деп жарияланды.

1922 ж. «Қорғансыздың күні» және «Еңлік -Кебек» Орынбор қаласында жеке кітап болып шығады.

1922 ж. күзінде Әуезов Ташкент қ. Орта Азия мемлекеттік университетіне ерікті тыңдаушы болады. Сол кезеңде «Шолпан», «Сана» журналдарымен бірге қызмет істейді. «Қыр әңгімелері» («Степные рассказы»), «Үйлену» («Свадьба») әңгімелерін жариялайды.

1923 ж. РКП(б) қатарынан шығарылады. Осы жылы Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі.

1924-1925 жж. Қазақ АССР-і Наркомпросының тапсырмасы бойынша Семей мұғалімдер техникумында оқытушы болады. «Таң» журналын шығарып, «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»(«Красавица в трауре»), «Ескілік көлеңкесінде» («В тени прошлого»), «Жуандық» («Насилие») әңгімелерін жариялады.

1925 ж. Ленинградқа оралып, оқуын жалғайды. 1926 ж. қазақ фольклорлық мұрасын зерттеу бойынша Семей қ. ғылыми экспедиция ұйымдастырып, «Қарагөз» пьесасын жазады.

1927 ж. «Әдебиет тарихы» монографиясы жарыққа шығады.

1927-1929 жж. «Қилы заман» («Лихие годы») романын, ал ақпан айында «Хан Кене» пьесасын жазады.

1928 ж. Ташкент қ. САГУ аспирантурасына оқуға түседі. Аспирантурада оқыған жылдары, жаз айында қырғыз даласына саяхаттап, «Манас» жырын жазып алады.

1929-1930 жж. көші-қон мәселесін зерттеп, ғылыми жұмыстармен айналысады.

1930 ж. 16 қыркүйекте ОГПУ органдары тұтқынға алады. Оған бірқатар айып тағылады, соның ішінде – совет өкіметіне қарсы астыртын жұмыс ұйымдастырды, қарулы көтеріліс әзірлеуге қатысты; байлардың мүлкін тәркілеуге қарсы шықты; «Алқа» ұлтшыл-буржуазиялық ұйым құрды; қазақ халқының революцияға дейінгі өмірі мен тұрмысын мадақтаған шығармалар жазды т.б.

М.Әуезов 2 жыл тергеуде болды. 1932 жылы сәуірде үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады.

1932 жылы 10 мамырда Әуезовты«Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттеріне өзінің «Қарагөз», «Еңлік - Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармалары және қазақ әдебиетінің тарихы бойынша ғылыми-зерттеулерінен бас тартқан «Ашық хат» жазуға мәжбүрлейді.

Әуезов Қазақ ауылшаруашылығы институтына уақытша қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып орналасады, қосымша Қазақ драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі қызметін атқарады.

1932 ж. қыркүйекте Әуезов Қазақ педагогикалық институтының, аға оқытушы болып, профессор атағын алады. « Октябрь үшін» (1932), «Айман-Шолпан» (1933), «Тартыс» (1933), «Білікке білек» («Плечом к плечу» 1934), «Үш күн» («Три дня» 1934), «Қасеннің құбылыстары» («Превращения Хасена», 1934), «Түнгі сарын» (1934), «Тастүлек» (1935), «Ақан-Зайра» (1935), «Іздер» («Следы» 1935), «Шатқалаң» («Крутизна», 1935), «Құм мен Асқар» («Песок и Аскар», 1935), «Ескілік көлеңкесінде» («В тенях прошлого», 1935), «Қараш-Қараш» (1936) пьесалары мен прозалық әңгімелердің авторы.

1936 ж. Әуезов Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнері декадасына қатысады. Қазақ АССР-і Жазушылар Одағының делегаты.

Кейін «Алма бағында» (1937), «Шекарада» (1937), «Бүркітші» («Беркутчи», 1937), «Ақ қайың" (1938), «Бекет» (1938), «Қалқаман - Мамыр» (1938), «Абай» (1940) пьеса-прозаларын жазады.

Н. В. Гоголь, А. Афиногенов, Н. Погодин, К. Тренев, В. Шекспир шығармаларын, Л. Н. Толстой мен Дж. Лондон әңгімелерін қазақ тіліне аударады.

1940 жылы Әуезовтың сценарийі бойынша «Райхан» фильмі түсірілді. Л.Соболевпен бірге «Дала жыры» («Песня степей», 1940) жинағын шығарып, алғысөз жазады.

1941 жылы «Абай» романын аяқтайды. Романның жарыққа шығуы Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ә. Әбішевпен бірге «Сын сағат» (1941), «Намыс гвардиясы» (1942) пьесаларын жазды.

1943 ж. Әуезов – Тіл, әдебиет және тарих ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, Қазақ Мемлекеттік Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры. М. Әуезов осы инститиутта өмірінің соңына дейін оқытушы болып қызмет етті.

«Абай» (1944), «Қынаптан қылыш» (1945) операларына либретто және «Абай әндерi» («Песни Абая», 1945) фильміне сценарий жазады.

1946 жылы Әуезов Абай туралы екінші кітабын бастайды, ол 1947 жылы жарық көрді.

1946 ж. бастап Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. «История литературы Казахской ССР» кітабының авторы, руководитель авторского научного коллектива издания «История Казахской советской литературы» (1947) басылымының авторлық ғылыми ұжымының жетекшісі.

1949 жылы Абай туралы романы үшін бірінші дәрежелі Қазақ ССР-інің мемлекеттік Сталиндік сыйлығының иегері.

1950 ж. «Абай» романының 3-ші кітабы шықты.

1951 ж. Әуезов «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1951-1954 жж. Әуезов шығармашылығына сын басталды. Оны «ұлтшыл-алашордашыл» атап, фольклорлық шығармаларында Ресейге қарсы насихат; «Абай» романында феодализмді мадақтау, Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті тарихын бұрмалау бар деген жала жабылады.

1953 ж. тұтқынға алыну қаупі болғандықтан Мәскеуге кетуге мәжбүр болады. Әуезовты ресейлік жазушылар – СССР Жазушылар одағының мүшелері А. Фадеев, К. Симонов, В. Кожевников, Н. Тихонов қорғады.

1953-1954 жж. Мәскеу мемлекеттік университетінде «История литературы народов СССР» арнайы курсын оқыды.

1954 ж. Алматыға оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын аяқтайды.

1955-1957 жж. Әуезовтың 6 томдық Толық шығармалар жинағы шығады.

1955 ж. Қазақ ССР-і Жоғары Советінің депутаты болып сайланған. ГДР-дің Берлин қаласында өткен жазушылар сьезінің құрметті қонағы болады. Индияға 40-күндік сапарға шығады.

1956 ж. «Бес дос» пьесасы шығады.

1956 ж. екінші Еңбек Қызыл Ту ордені, Ленин орденімен марапатталады. Алматы және Мәскеу қалаларында жазушының 60-жылдығына орай мерейтойы өткізілді.

1957-1961 жж. Қазақ ССР-і Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Әуезовтың «Дос-Бедел дос» (1958), «Алуа» (1958) шығармалары жарыққа шығады.

1958 жж. Әуезов Ташкент қ. өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясына қатысады.

«Асыл нәсiлдер» (1959), «Мысли разных лет» (1959) шығармалары және «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» (1959) монографиясы жарық көреді.

1959 ж. екінші рет Қазақ ССР-і Жоғары Советінің депутаты болып сайланады.

Әуезовке «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін Лениндік сыйлық ұсынылады.

«Қараш-Қараш» (1960) жинағы, «Өскен өркен» (1960-1961) романы жарыққа шығады.

1960 ж. – Америка, 1961 ж. – Индия сапары.

Әуезов 1961 ж. 27 маусымда Мәскеу қ. операция үстінде қайтыс болады. 1 шілдеде Алматы қ. орталық қорымына жерленген.

Әдебиет және өнер институты, Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей қ. көшелері мен мектептері М. Әуезов есімімен аталады. Алматы қ. Әуезовтың мұражай-үйі бар.

Әуезовтың өмірі мен әдеби мұрасы К. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мамбеев, Е. Сидоркин, Е. Вучетич, Н. Нұрмұхамбетов тәрізді суретшілер мен мүсіншілер еңбегінде мәңгілік қалды.

Әуезов шығармалары бірнеше рет қайта шығарылып, көптеген тілдерге аударылды.

1997 ж. Әуезовтың 100-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтілді.  



Шығыс Қазақстан: танымал есімдер

Build a website with Mobirise