Мұхтар Әуезов. Әлем
тілдерімен үндестігі
Егер Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің шыңы болса, «Абай жолы» – оның тәжі. 1942 жылы қазақ
тілінде жарық көрген роман тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, аудармалар арқылы көптеген
шет елдерге де танылды.
Тетралогия әлемнің 116 тіліне аударылған. Мұнда ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы призмасы
арқылы ХІХ ғасырдағы көшпелі және отырықшы дала тұрғындарының тұрмысы мен әдет-ғұрыптарының
орасан зор тарихи панорамасы ашылды, қазақ халқының еркін жанының кеңдігі мен сұлулығы, оның
өзіндік рухани салты мен ұлттық сипаты көрсетілді.
The Independent британдық беделді басылымының нұсқасы бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»
романы Қазақстанды әлемнің әдеби картасында танытады екен. Әлемнің әдеби картасына 197 ел енген,
олардың әрқайсысы бір ғана маңызды әдеби шығармамен ұсынылған.
Мұхтар Әуезовтің 110 жылдығына орай «Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасы жарық
көрді. Барынша толық әдеби аударманың авторы қазақ әдебиеті, мәдениетімен етене таныс орыс
жазушысы және аудармашысы Анатолий Ким болды. Осылайша, XXI ғасырда, үшінші мыңжылдықтың басында
«Абай жолы» эпопеясы жаңаша оқылды.
ABAI
(Абай
жолы)
Неміс тілінде
(Абай жолы)
Украйна тілінде
(Абай жолы)
Қытай тілінде
(Абай жолы)
Румен тілінде
(Абай жолы)
Румен тілінде
(Абай жолы)
Түрік тілінде
(Абай жолы)
Эстон тілінде