«Мұхтар Әуэзов»

«Мұхтар Әуезов - Әлем тілдерімен үндестігі»

Абайды Абай еткен Мұхтарғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана,
Қазақтың қос арысы, қос данасы.
Қалайша бас имессің оған, сірә.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов тек қазақтың ғана емес, әлем әдебиетінің мақтанышы мен даңқына айналды.
Мұхтар Әуезовтің өшпес шығармаларын миллиондаған оқырман асқан қызығушылықпен оқиды, ал оның басты еңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясы әлемнің 116 тіліне аударылып, 200 томдық «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына» енді және XX ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі болып саналады.
Көрнекті жазушының есімі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Оның есімі көшелерге, оқу және ғылыми мекемелерге берілген. Мысалы, Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры және т.б. Жазушының қола және гранит ескерткіштері өз елі мен басқа елдердің астаналарында орнатылған. Мұхтар Әуезовтің портреттік бейнесі Рабиндранат Тагор, Конфуций, Омар Хайям бейнелерінің жанында Үндістан астанасы – Делидегі «Азияның көрнекті адамдары» ескерткішінің барельефінде орналасқан. 1965 жылы биік таулы экспедицияға қатысушылар биіктігі 5957 м болатын Тянь-Шань шыңдарының біріне Мұхтар Әуезовтің есімін берген.



Mobirise Website Builder