Роман әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
Әйелдер образы:
Гауһар сұлу,
Гауһардың ерлігі,
Ақбөкен, Күнімжан
•
«Қазақ мемлекеттілігінің шежірешісі»
•
Қозыкөрпеш Есенберлин
«Әке»
•
Алимжанов А.
Последняя встреча,
или уроки И. Есенберлина
•
Есенберлин Р.
Мой главный человек
•
Журтбаев Т.
Выбравший свою дорогу
•
Козыбаев М.
Святой хан Кене казахской
литературы
•
Косенко П.
Силуэт по памяти
•
Куттыкадамов С.
Лодка, так и не
переплывшая океан
•
Теракопян Л.
Непреходящие уроки
Мемлекетіміздің 550-жылдық тарихы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» парағында
Ілияс Есенберлин: 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Жазушы Алматы қаласында 1983 жылдың 5 қазанында дүние салды.
«Талант тағдыры»
Қазақтың көрнекті жазушысы, «Көшпенділер» трилогиясының авторы.
Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Қабілетті зерек жас 1940 жылы қазақтың Мемлекеттік тау-кен және металлургия институтын бітіреді. Ол кезде инженер деген қазақ елі үшін мүлде жаңа, таңсық мамандық болатын. Сол мамандығы бойынша Жезқазған кенішінде қызметке кіріскен кезде ұлы Отан соғысы басталады. Жас азамат қолына қару алып, жаумен айқасуға аттанады. Қан майданда қатты жарақат алып, елге оралады. Ауыр операциядан соң оң аяғы сол аяғынан екі сантиметр қысқарып, аздап сылтып басатын.
Тумысында алғыр, мықты қайрат иесі, иланымына берік Ілияс соғыстан оралған соң бейбіт құрылысқа белсене араласады. 1942-1947 жылдары қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1947-1951 жылдары қазақ филармониясының директоры боп істеп, үлкен өмір мектебінен өтеді. Талай біліктілермен, зиялылармен сұхбаттасады, жұмыс бабында күрделі мәдени, қоғамдық мәнді мәселелерді шешісуге атсалысады. 1953-1954 жылдары қазақстан Геология министрлігінде аға инспектор қызметін атқарады, 1954-1955 жылдары Ақтөбе облысындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығына жоғарылатылады.
Кейін сөз өнері әлеміне біржола көшкенде «жұмысшы тақырыбынан», геологтар, ғалымдар жайынан жазатын романдарының кейіпкерлерімен шахта ішінде, кен барлау, археология ісінің басы-қасында жүріп танысады.
Өмірінің алғашқы сатыларында ысылғандығы, мол білім мен бай тәжірибе жинақтауы бір жағы әдебиеттегі адымдарының сәтті басталуына жол ашса, екінші жағы былайғы қызметіне де әсер етпей қойған жоқ. 1955-1957жылдары қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары «қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий коллегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында директор, 1971-1975 жылдары Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін абыройлы атқарады. Ең бастысы дарынын ұштады, замана беталысын дұрыс аңғарып, дәуірдің қилы-қырлы соқпақтарында өз жолын таба білді, болашағынан ұялмайтындай бағыт үстауына мүмкіндік ашатын өреге көтерілді.
І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды. Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі]] жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан "Песня о человеке" (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді. Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. "Схватка" ("Айқас", 1957); "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", 1970); "Влюбленные" ("Ғашықтар", 1970); "Хан Кене" ("Қаһар", 1971); "Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973); "Отчаяние" ("Жанталас", 1974); "Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); "Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді. Жекелеген шығармалар украин, латыш, литва, өзбек, алтай, башқұрт, қарақалпақ, венгр, поляк, ағылшын, француз, қытай, неміс, араб, испан тілінде жарияланды. Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар. I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Дерек көзі: Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы. ҚАЗақпарат., 2005.-998 б.
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%86%D0%BB%D0%B8%D1%8F%D1%81_%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B8%D0%BD
Марапаттары
• Еңбек Қызыл ту ордені
• «Құрмет белгісі» ордені
• «За боевые заслуги»
• «За оборону Ленинграда» медалі
• Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).
Дерек көзі:
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%86%D0%BB%D0%B8%D1%8F%D1%81_%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B8%D0%BD