Back
Next
Роман әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
KZ   RU
Тарих және  халық
Әбілхайыр- хан (1693 - 1748)
Абылай-хан (1711-1781)
Кенесары Қасымов
(1802-1847)
Батырлар: Наурызбай Қобланды
Бөгенбай
Ойшылдар мен Көсемдер:
Төле би
Асан-Қайғы
Бұхар-жырау
Әйелдер образы:
Гауһар сұлу,
Гауһардың ерлігі,
Ақбөкен, Күнімжан
Ойшылдар мен Көсемдер

Төле би   Асан - Қайғы   Бұхар - жырау
«Көшпенділер» - ұлт мақтанышы!
«Қазақ  мемлекеттілігінің  шежірешісі»
Қозыкөрпеш Есенберлин
«Әке»
Адибаев Х.
Яркий талант
Алимжанов А.
Последняя встреча,
или уроки И. Есенберлина
Есенберлин Р.
Мой главный человек
Журтбаев Т.
Выбравший свою дорогу
Козыбаев М.
Святой хан Кене казахской
литературы
Косенко П.
Силуэт по памяти
Куттыкадамов С.
Лодка, так и не
переплывшая океан
Теракопян Л.
Непреходящие уроки
Мемлекетіміздің 550-жылдық тарихы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» парағында
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар "қарашоғыр" атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Тәуке ханның тұсында Төле би «Билер кеңесінің» мүшесі ретінде мемлекеттік істердің оң шешілуіне айтарлықтай үлес қосқан, жыл сайын өтетеін бүкіл халықтық жиынды ұйымдастырушылардың бірі болған. Ол Орта жүздің төбе биі Келдібекұлы Қазыбекпен, Кіші жүздің төбе биі Байбекұлы Әйтекемен бірге Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қырғыз, қарақалпақ, өзбек халықтарының одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Бұл Қазақ пен Жоңғар хандықтарының арасы шиеленісіп тұрған кез болатын.
Тәуке хан өлгеннен кейін Қазақ хандығының іштей әлсіреуіне байланысты Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншылары Жетісуды жаулап алуына байланысты біраз уақыт соларға тәуелді болады. Бірақ оларға алым салық төлеп тұрғанымен, саяси билікті өзінше атқарып, «ақ табан шұбырындыдан» кейінгі қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдарының езгісінен зат етуде аса зор ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Ол жоңғар қонтайшысына алым салық төлей отырып, Абылай ханмен, Барақ сұлтанмен, Шақшақ Жәнібек батырмен, сондай ақ Қоқан хандығымен байланысын үзбейді. Бұл ретте жоңғардың Жетісу жерін жаулаған қолбасшыларының бірі Сары Манджаның Төле бидің үйінде өлуі де біраз жайды аңғартқандай. Төле би Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қарым қатынасты қалыптастыруға күш салды. 1749 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ресейға қосылу ниетін білдіреді.
Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын өршіте қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасайды. Абылай хан мен Төле би таққа таласқан жоңғар нояндарын алма кезек қолдай отырып, ақырында Жоңғар хандығының құлауын қамтамасыз етеді. Бұл Төле бидің Абылай ханмен бірлесе жүргізген сырт саясатының ірі нәтижесі еді.
Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты айтылатын нақыл сөздер, мақал мәтелдер, билік кесімдер де ел арасына кеңінен тараған. Төле би есімі тек Ұлы жүзде ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүзде де аса құрметпен аталады. Бұл оның бүкіл қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалардың ортасында жүргенінің айғағы. Бұған Төле бидің замандасы, тағдырласы Қаз дауысты Қазыбек бидің «Төле би дүниеден өтті» деген суық хабарды естігенде: «Төле өлді дегенше, дүниеден әділет өлді десейші. Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен, бұл екеуіне кім жеткен?» деп, жер таянып, көзіне жас алуы да куәлік етеді. Бұл үш арысқа тірек болған үш асылдың бірінің екіншісіне берген бағасы. Бұдан асырып, жеріне жеткізіп, айту мүмкін де емес. Өйткені олар қасында бірге жүріп, бір бірінің қадір қасиетін жете таныған алыптар ғой!

Дерек көзі:
http://www.atazholy.kz/tarikh-zh-ne-t-l-alar/107-16631756.html
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) - мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді".

    Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:
    - Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.

Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:

    Шақырса келмес ханымды,
    Бура қуып келтірді.
    Қалжы-бұлжы дегізбей,
    Тура қуып келтірді.
    Бастай көр қатын құртыңды,
    Сала көр қатын майыңды, - депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!

    - Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, - деп Асан жырлап кетті:
    - Ай, Жәнібек хан!
    Айтпасам білмейсің.
    Жайылып жатқан халқың бар,
    Аймағын көздеп көрмейсің.
    Қымыз ішіп қызарып,
    Мастанып қызып терлейсің.
    Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады.

Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:

    Қырында киік жайлаған,
    Суында балық ойнаған,
    Оймауыттай тоғай елінің,
    Ойына келген асын жейтұғын,
    Жемнен де елді көшірдің,
    Ойыл деген ойыңды,
    Отын тапсаң тойынды,
    Ойыл көздің жасы еді,
    Ойылда кеңес қылмадың.
    Ойылдан елді көшірдің,
    Елбең-елбең жүгірген,
    Ебелек отқа семірген,
    Екі семіз қолға алып,
    Ерлер жортып күн көрген.
    Еділ деген қиянға,
    Еңкейіп келдің тар жерге.
    Мұнда кеңес қылмасаң,
    Кеңестің түбі нараду...
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты:

    Еділ бол да, Жайық бол,
    Ешкімменен ұрыспа.
    Жолдасыңа жау тисе,
    Жаныңды аяп тұрыспа.
    Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан:
    - Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:
    - Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:
    Төс табаны төрт елі,
    Атан жүрер жер екен.
    Төсегінен түңілген,
    Адам сүрер жер екен...
- депті. Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады.
Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты.

    Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:

    Бұ заманда не ғаріп?
    Ақ қал алы боз ғаріп.
    Жақсыларға айтпаған,
    Асыл шырын сөз ғаріп.
    Замандасы болмаса,
    Қария болар шын ғаріп.
    Қадірін жеңге білмесе,
    Бойға жеткен қыз ғаріп.
    Ел жағалай қонбаса;
    Бетегелі бел ғаріп.
деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты:

    Ердің құны сөз емес,
    Есебін тапқан сабазға.
    Төрден орын тимейді,
    Патша болсын малы азға.
    Мойнын бұрып сөз айтпас,
    Көңілі қалған аразға.
Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі:

    Есті көрсең кем деме,
    Бәрі тұйғын табылмас.
    Қарындасың жамандап,
    Өзіңе туған табылмас.
    Адам әзіз айтар деп,
    Көңілінді салмағын.
    Нәпсі алдаушы дұшпаның,
    Насихатын алмағын.
    Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді. Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. "...Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады". Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті. Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен", - депті. Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті. Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен", - депті. Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті. Ащы бойына келгенде, артына қарап: "А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен", - депті. Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті. Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май", - деп жүре беріпті. Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің", - депті. Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
    - Ерейментауына қарап тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды тау екен" дейді.
    - Қарақойын - Қашырлы деген жерге келгенде "Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен" деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ - құян болса керек".
    - Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: "Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?" - деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: "Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас" - деген екен.
    - Шыңғырлауды көргенде: "Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің" - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: "Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік", - депті.
    - Жуалының қара топырақты, қыртысы құнарлы жерін көргенде: "жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер" дейді.

Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті. Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті. Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол" - деп ескертіпті. Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде "Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер" деп жүріп кетіпті. Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: "Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола қоймас" - деген екен.
Дерек көзі:

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D0%B0%D0%BD_%D2%9B%D0%B0%D0%B9%D2%93%D1%8B_%D0%A1%D3%99%D0%B1%D0%B8%D1%82%D2%B1%D0%BB%D1%8B

Ханның айтқаны шындық еді. Шығыс халқының әдеті бойынша «он бесте от
иесі». Әбілқайырдың Маңғыт әйелінен туған тұңғышы Шах-Будақ өткен жыл
дүние салған. Хан осы сүйікті ұлының үш күннен кейін асын бермекші. Ас бер
жерлеу емес, Дәшті Қыпшақ елінің дәстүрі бойынша үлкен той. Асқа Дәшті
Қыпшақ пен Мауреннахрдың игі жақсылары қатысады, сайысқа атақты батырлартүспек! Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті, қарға бойлы Қазтуған жырауы мен Арғынның ақсандақ жүйрігі, сексеннен асып кеткен, Ақжол бидің әкесі Қотанжырау айтысады. Төрешіге Үйсін Майқы бидің алтыншы буыны ұлы сыншы, халықардагері, жүзден асып кеткен Асан Қайғының өзі келмекші.
Көшпенділер: 1-бөлім - «Алмас қылыш» романынан үзінді

Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан Қайғы. Ол бұл жолы желмаясымен Көкше теңіз тұсын шолып келген-ді.
- Асан ата, Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын көшіруге жарар ма? - деген Әбілқайыр ханның сөзіне Асан Қайғы:
- Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен көрген Көкше теңіз маңы:
«Тас табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен,
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жер екен» - деп жауап берген.
Көшпенділер: 1-бөлім - «Алмас қылыш» романынан үзінді
Төреші Асан ұйықтап кеткен адамдай көзін жұмып ойға шома түскен. Ұлы сыншы ойын ешкім бұзар емес, құлаққа ұрған танадай бәрі бірдей тына қалған. Әлден уақытта Асан Қайғы көзін ашты.
Сұмырай, сұрқия, сұм заман,
Шаққалы тұрған сұр жылан.
Өткені емес халқымның
Болашағы шер-мұңым... деп ел-жұртының келешегін ойлап сәл қайғырып отырды да, қос жырауға бұрылды.
Көшпенділер: 1-бөлім, «Алмас қылыш» бөлімінен үзінді


Қыпшақ ерліктерінің ең қызық жерінде тыңдамай тұрып кеткен Әбілқайыр мінезі ұнамай қалған Асан Қайғы, отырған орнынан қозғалмастан:
«Көлге үйренген қоңыр қаз,
Шөл қадірін білмейді,
Шөлге үйренген дуадақ,
Көлге апарып қамасаң
Шөлін аңсап шөлдейді», - Хан ием, халық өз тарихын көптен бері естімей, сағынып қалған екен, өзің намазыңа асықсаң, өзгемізге айызымызды қандыруға рұқсат ет, -деді.
Көшпенділер: 1-бөлім, «Алмас қылыш» бөлімінен үзінді
 
Қалқаманұлы Бұқар жырау (1693 - 1787).

Қалқаманұлы Бұқар жырау - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан.
Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елге танылып, алғыр жырау ретінде атақ-даңқы алты алашқа жайылғанға ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ-ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған.
Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған. Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашырында елдің басын біріктіріп, қанқұйлы жауға тойтарыс беретін басшының қажеттігін түсіне білді. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдады.
Бұқар жырау Абылайдың іс-әрекеттерін асыра ақтап, оның асқақ бейнесін жасауға дейін («Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.) барады. Алайда, жырау ханның барлық іс-әрекет, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген ұста ол ханды аяусыз сынап, ашы шындықты бетке айтып отырған, Бұл тұста біз жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылайға тоқтау айтып, болашағы зор елмен тату-дос болуға шақырғанын көреміз.
Бұқар жыраудың болжау-толғауларынан («Ханға жауап айтпасам», «Он екі айда жаз келер», «Абылай ханның қасында») заман, дәуір, болашақ туралы қорытынды ой-пікірлерін айқын аңғарамыз. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. Жырау патша үкіметінің отарлау саясатына күдікпен қарап, оның ішкі мәніне тереңдеп ой жүгірте алмады. Дегенмен, Абылайдың орыс елімен достық қарым-қатынаста болуына елеулі үлес қосты.
Жыраудың толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7-8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау музыкалық аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше.
Бұқар қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл.
Жыраудың шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл - болашақтың ісі. Бұқар жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, М. Мағауин, Р. Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірген.  Бұхар жыраудың есімімен Қарағанды облысының бір ауданы аталған. Қарағанды қаласында Бұхар жырауға арналған ескерткіш қойылған. 2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды.

Дерек көзі:
http://map.pavlodarlibrary.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=70:2012-05-30-05-44-12&catid=6&Itemid=17&lang=kz

Бұқар жырау ұзақ уақыт құлпытастай шошиып отырып қалды. Бір мезетте ұйқыдан оянғандай, алдында жатқан Абылайдың қан - сөлсіз сұсты бетіне қарады. Ол енді ақырын күбірлеп сөйлеп кетті.
Аза күнде қан жылап
Қайғыдан қара бұлт тұрар.
Қурай кенет жас құрақ
Ақ қайың сәтте морт сынар.
Ажал, сенде жан болса
Тілімді удай салар ем,
Бетіңді етіп қанжоса.
Тоқтатар сөз табар ем!
Жеңілді Бұқар сөз таппай,
Құм бітеді көмейін.
Кешір, ханым Абылай,
Қара тасқа не дейін?
Білсең де өстіп өтерін,
Дүние саған болды тар.
Жалғыз тәубе етерім:
Артыңда қалған атың бар.
Бұқар созыла тұра келіп Абылайдың бетін жапты. Сосын аяғын ілбіп басып сыртқа шықты.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Қараша үйде жанған тобылғы шоғы әлдеқашан сөнген. Ұйықтап кеткен адамдардың пысылдары ғана естіледі. Тек Бұқар ғана ояу жатыр. Шаңырақтан жыбырлаған көп жұлдыз көрінеді. Жырау ауыр ойда: «Қазақ елінің басынан талай қиын-қыстау кезеңдер өтіп еді, бірақ ең қорқынышты қауіпке енді тап болмаса не қылсын! Шығыс Түркістанды жұтар-жұтпастан, бері қарай Қытай айдаһары жылжып келеді. Ал Қытайдан ығып, Алтай тауынан құлаған Жоңғар қауымы болса мынау. Россия да бұрынғы бөлшектенген Россия емес. Әлемді шарлауға шыққан екі басты самұрық құс тәрізді әбден бекініп алған. Қанатының серпіні сонау, жағасын балықшылар жайлаған ұлы Мұхитқа да жетіп қалды. Сонда... қазақ елі қандай күйде? Жұрттың басын біріктіріп, жауыңа қарсы шығар кім бар? Болат, Сәмеке, Барақтар ма елге тірек болар?... Жоқ, оларға қарағанда осы Әбілқайырда бір үміт тұр ма, қалай? әй, білмеймін. Халықты соңынан ерту үшін кемеңгердің ақылы керек қой адамға! әлде қара басының қамын ойлап, бұл да бір бүйірге бұра тартып жүре ме, кім білсін? Жыраудың безек қаққан ұшқыр ойы - елінің тағдырын қолына алар жаңа қайраткерін іздеп шарқ ұрды. Неге екені белгісіз, оның қиялы жанында шалқасынан түсіп, қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан әбілмансұрға қайта-қайта орала берді.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Әйтседе қонтайшымен біржолата қолтықтасып кетуіне ел наразылығы көлденең түскен. Халық ойын Бұқар жырау:
Ежелгі дос жау болмас,
Шіркеуіште хаты бар.
Ежелгі жау ел болмас,
Көңілінде кірдің таты бар - деп ханға тікелей айтқан.  Жұрт жырау сөзін мақұлдаған.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Бұқар жырау болса, күнде өзгеріп жатқан дүние қайшылығын көріп, «дүние шіркін қайда бара жатыр?» деген аздаған күмәнда болатын. Сүйері көк шалғыны толқынданып, жұпар иісі аңқыған қазақтың жасыл даласы, тілегі - халқының қамы. Бұқар жырау үнемі қасынан тастамайтын қарағай домбырасын қолына алды. Құлақ күйіне келтіріп, біраз шертіп отырды да, алыстан күркіреп келе жатқан жауар бұлттай, әуені қобалжыған бір термені бастап кетті.
«Ай заман, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай
Осылай ол бір толғап алды да, әрмен қарай нөсерлете жөнелді. Жырау салынып жатқан бекіністер мен қазақ елінің болашағын толғады.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Бұрын қазақ жерінде орыс бекіністері салына бастағанына күмәнданып келген Бұқар жырау:
Шүршіт келеді деген сөз бар-ды,
Көктен түскен төрт кітап
«Енжіл» атты кәләмда,
Егер шүршіт келмесін,
Егер шүршіт қаптаса,
Алып бір жейді ақтарып
Көмулі көрден денеңді, - деп, Қытай әскерінің қорқау қасқырдан кем емес жауыздығын айтып, жұртты күні бұрын ұлы айқасқа шақыра бастады. Қазақ елінің басына бұл кезде тағы бір қара бұлт төне түскен. Бұл қара бұлт Қоқан хандығы жағынан келе жатты.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Сондықтан да Абылай саясатының жаршысы Бұқар жырау:
Шүршіт келсе, Сырға көш,
Ішетұғын суы бар деп, жан сақтаудың жолын ғана айтып қоймай:
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,
Бұл үйректей болыңыз,
Судан суға шүйгумен,
Көлден көлге қоныңыз.
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін.
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз, - деп ел бірлігіне шақырды.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді

Битке өкпелеп тонын отқа салған Тасболатқа ашуланған Бұқар жырау аттан түспей, жанындағы серіктерімен батырдың үйінің сыртынан кеп, кәрі домбырасын қағып-қағып жіберіп, айқайға басып еді.
«Садыр, қайда барасың,
Сарысуды көбелеп?
Сен қашсаң да мен қойман
Арғымағым жебелеп.
Енді алдыңнан шығайын
Қар, жаңбырдай себелеп,
Ақмырзамды өлтірдің
Ақ сойылмен төбелеп.
Уа, сен танымай кетіп барасың?
Мен Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын.
Абылай алдында сен бітсең
Құдандалы таныспын.
Абылай алдында бітпесең,
Атасын білмес алыспын,  - деп Бұқар жырау, көшпе деп ақыл айтудың орнына Садыр қолынан өлген ерінің құнын сөзге тиек етіп, жырын ызғарлы үнмен тоқтатты.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» романынан үзінді