phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Біздің Абай

Өлкетану

ШҚО: танымал есімдер

ШҚО: аңыз-әпсаналары

AMERICAN CULTURE CENTER

DEUTSCHE INFORMATIONSZENTRUM

SALLE DE LECTURE FRANÇAISE

күнтізбе 2023

Мультимедиялық энциклопедия

Ерекше құнды электронды ресурстар жинағы әзірше тек орыс тілінде. Қазақ тілінде қысқаша аннотация берілді.

 

Коллекция скифо-сакского золота Казахстана [Электронный ресурс]/гл. ред. М.Кенжебай.- Алматы: RGB-studio,

2005.- 1 электрон. опт.диск (CD): зв., цв.

Мультимедиялық дискі Қазақстан аумағында б.э.д. VIII ғасырда өмір сүрген сақ, үйсін, ғұн, сармат тайпаларының өмірімен таныстырады. Интерактивті картада Қазақстанның әйгілі - Қарғалы, Жалаулы кеніштері, Шілікті, Берел, Есік қорғандары, Бесшатыр, Тасмола, Тегіскен және Үйғарақ қорымдарының сипаттамалары берілген. Есік қорғанының аса құнды археологиялық жәдігері – Алтын адам туралы танымдық деректер көп.

 
Берельский курган [Электронный ресурс]:мультимедийная презентация.- Алматы:   RGB-studio, 2005.- 1 электр. опт. диск (CD): зв., цв.

Берел қорымы отыз бір қорғаннан тұрады. Ғалымдардың пікірі бойынша бұл жерде сақ тайпаларының көсемдері жерленген, сондықтан Патшалар алқабы (Долина Царей) деп аталады.  Дискі скиф-сақ  қорымының ерекше құнды жәдігерлерімен таныстырады (б.э.д. IV ғ.). Мәңгілік тоң нәтижесінде киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар мен қолөнері бұйымдары жақсы сақталған. Берел қорымынан табылған заттарды зерттеу нәтижесінде ежелгі номадтардың көне өнері жайында құнды мәліметтер алуға болады. Бұл қорым маңыздылығы жағынан Троя, І Петрдің Сібір коллекциясы, Қара теңіз жағалауындағы скиф қорғандары, Алтын адам қорғаны ескерткіштерінің қатарынан орын алады.

 

 

Отрар [Электронный ресурс].- Алматы: RGB-studio, 2005.- 1 электрон. опт. диск (CD): зв., цв.

Арыстың Сырдарияға құяр сағасына жақын маңда ежелгі  қаланың орны жатыр. Ол – Отырар қаласы. Аты әлемге әйгілі осы қалада орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбунәсір әл-Фараби дүниеге келген. Көне Отырар Ұлы Жібек жолының орталығы болған. Ежелгі Отырар обаларына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде көптеген тарихи және мәдени жәдігерлер,  зергерлік  және алтын бұйымдар табылған.

 

Тамгалы [Электронный ресурс].- Алматы: RGB-studio, 2005.- 1 электрон. опт. диск (CD): цв., ил.

Тамғалы шатқалы Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл қасиетті мекенде б.э.д. 2-ші мыңжылдықтан – біздің дәуіріміздің ХХ ғ. бас кезіне дейінгі шамамен  5 мың. петроглиф  (жартастағы суреттер) сақталған. Шатқал маңынан қола дәуір молалары, ертедегі көшпенділер және олардың қоныстары табылған. Бұл мультимедиялық дискі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шықты. 2004 жылы  «Тамғалы» тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді.

 

Старинные ювелирные изделия Казахстана [Электронный ресурс].- Алматы: RGB-studio, 2005.- 1 электрон.опт. диск (CD): цв., ил.

Бұл мультимедиялық дискі зергерлер қолынан шыққан сәнді қолөнері  бұйымдары жайындағы танымдық еңбек. Виртуалды мұражайға саяхаттап,  алтын, күміс, қоладан жасалған көне зергерлік  бұйымдармен, скиф-сақ кезеңіндегі зергерлік өнермен танысуға болады. Мұражай залынан Берел патша және Тарасу патшайым мүсіндері орын алған. Ежелгі Қазақстанның  көне зергерлік өнері туралы интерактивті кітаптар баяндайды. Виртуалды залдың бірінде  «XVIII-XX ғ.ғ. зергерлік бұйымдары» көрмесі ұсынылған.

 

 

Президентский центр культуры Республики Казахстан [Электронный ресурс].- Алматы: RGB-studio, 2005.- 1 электрон. опт. диск (CD): цв., ил.

Бұл дискі  2000 жылы құрылған ғылыми-мәдени кешен – Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени орталығына арналған. Президент орталығы көп функционалды ғылыми-зерттеу және мәдени-білім кешені болып табылады.  Президенттің мәдени орталығын құру идеясын және оның эскизін Н.Ә. Назарбаев ұсынған. Дискіде 120 бет мәтін, 700 фотосурет, Зфильм бар: Алматы – яблочный город», «Алматы – колыбель независимости», «Алматы и туризм». Мұражай ғимаратына виртуалды серуен ұйымдастыруға болады.

 


Координатор: Абдеева Яна
Тел.: 267-999
e-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp