1-ші қабат
Кабинет № | Қызмет |
- | Тіркеу кафедрасы |
- | Мамандандырылған қызмет залы |
1 | Сауықтыру залы |
2 | Шеберлер мектебі |
12 | Балалар секторы |
14 | MakerSpace |
15 |
2-ші қабат
1-ші қабат
Тіркеу кафедрасы біздің оқырман болуға жол ашып, алғашқы ақпараттық көмек көрсетеді!
Сауықтыру залы (1-қабат) – кітап пен спорт тренажерлерінен құралған біздің ақпараттық культуризм.
Шеберлер мектебі (№ 2 кабинет) – сурет салу, жапсыру, тігу, ағаш станогында тоқыма тоқу, төменқол материалдардан әртүрлі бұйымдар жасауға үйрететін шығармашылық шеберхана.
MakerSpace (№ 14 кабинет) – бұл орталыққа 3D модель құрау, ұшатын дрон жіберу, өзінің шығармашылық қабілетін ашу және ғылыми эксперимент жасауды мақсат еткендер жиналады.
Жастар интеллект-орталығы (№ 15 кабинет) – роботтар құрастырып, оларды түрлі қимылдарға бағдарламалау, 3D-басып шығаруды игеріп, шахмат ойнап, музыка тыңдап, фотосуретке дұрыс түсіру, бейнеролик жасау т.б. үйренуге болатын талаптылар орны.
IT-отау – компьютер сауаттылығы курстарын ақысыз меңгеріп, электронды кілт алып, мемлекеттік онлайн қызметтерді пайдаланып, кітап оқып, тіпті оны бірге талқылауды ұнататын әртүрлі жастағы адамдар бас қосатын орталық.
2-ші қабат
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оқу залы (№ 16 кабинет) – Елбасының еңбектерін еркін пайдаланымға ұсынып, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Болашақ саясаткер мен дипломаттар мұнда онлайн семинарлар, конференциялар, зерттеушілермен кездесулер өткізіп, сұхбат алаңдары мен пікірталастар ұйымдастыра алады.
Неміс-француз оқу залы (№ 25 кабинет) – Гете мен Шиллер, Дюма мен Гюго тілдерін меңгеруді көздеген жандарға, сондай-ақ Германия мен Францияға сапар шегуді армандайтындар үшін барынша ақпарат беріп, лингвистикалық қолдау көрсетеді.
Оқу залы (№ 26 кабинет) – салалық, ғылыми-танымал және көркем әдебиеттің кең таңдауын, сондай-ақ ауқымды анықтама қорын ұсынады. Мұнда жаңа газет-журналдар мен тақырыптық көрмелер, ақысыз Интернет қызметі де бар.
Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы
Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы (№ 28 кабинет) – Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарымен онлайн бейнежазба дәрістер мен көпшілік кездесулер ұйымдастырады.