phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Ақпарат

Кітапхана туралы

libraryБүгінгі күні біздің кітапхана даму стратегиясы заманауи инновациялық технологияларды енгізуге негізделген облыстағы ірі кітапханалардың бірі.
Кітапхана құрылымы:
Кітапты толықтыру және өңдеу орталығы - кітапхана топтамасының базасын қалыптастырады. Кітапхана қорын жаңарту және толықтырумен айналысады. Орталық қызметкерлері кітапханаға келіп түсетін ақпарат көздерін жүйелейді және оларды электрондық каталогта сипаттайды.
Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы: библиография секторы, өлкетану секторы және цифрландыру секторы.
Библиография секторы кітапхананың ақпараттық және анықтамалық жұмыстарына жауап береді. Библиографтар пайдаланушылар сұранысы, соның ішінде виртуалды сұраныстар бойынша ақпарат іздейді; мамандарға арналған түрлі ақпараттық іс-шаралар өткізеді.
Өлкетану секторы – пайдаланушылардың барлық санаттары үшін өлкетану ақпараттық ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді және өлкетану білімін насихаттауды жүзеге асырады.
Цифрландыру секторы кітапхана қорының аса құнды және сұранысқа ие басылымдарын электрондық форматқа ауыстыруға жауапты.
Оқу залдары және кітап сақтау орталығы - кітапхана қорынан құжаттарды ұсыну арқылы ақпараттық қажеттіліктерді барынша толық қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар орталығы: Интернет-зал - желіде ақпарат іздеудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді, консультанттардың көмегі, ақпаратты сыртқы тасымалдағыштарда басып шығару немесе сақтау, семинарлар өткізу үшін компьютерді немесе бүкіл залды жалға алу / резервтеу; тренинг-орталық - қысқамерзімді тренингтер, ДК негіздері бойынша курстар, Интернеттен іздеу, электрондық пошта және т.б.; құжаттарды электрондық жеткізу қызметі - пайдаланушының өтініміне сәйкес біздің кітапхана қорларынан және басқа кітапханалардан құжаттардың электрондық көшірмелерін жеткізу.
Халықаралық ресурстар орталығы - Неміс ақпарат орталығы, Француз оқу залы, Америка мәдени орталықтарында шет тілдерін үйренушілер үшін керемет басылымдар топтамасы жинақталған. Кино және пікірталас клубтары жұмыс істейді.
Білім орталығында қазақстандық жастардың зияткерлік өсуі мен адами капиталын ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар мен инновациялық мүмкіндіктер жасалуда. Орталықтың іс-шаралары жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген жастардың тұтас дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Балалар секторына жас пайдаланушылар тек кітап үшін ғана емес, сонымен қатар тілдік оқыту сабақтарына, шығармашылық және техникалық үйірмелерге, компьютерлік тренингтерге және т.б. қатысу үшін келеді.
Облыс кітапханаларын дамыту орталығы – өңірімізде ақпараттық кеңістік құруда ерекше орын алады. Орталықтың басты міндеті – облыстың аудан мен ауыл кітапханаларының заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеріп, пайдалануына көмек көрсету.
Кітапхана маркетингі және статистика орталығы - жарнама және PR (қоғаммен байланыс орнату) мәселелерімен айналысады. Кітапхананың оң имиджін нығайту үшін жұмыс істейді. Кітапхана қызметі туралы статистикалық ақпаратты жинауды және зерделеуді жүзеге асырады.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана директоры: Тлеубекова Назым Ерназаровна
Өскемен қ., Қазақстан к., 102 Тел. + (7232) 261-333, факс +(7232) 263-087

 

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp