Роман әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған.
Әйелдер образы:
Гауһар сұлу,
Гауһардың ерлігі,
Ақбөкен, Күнімжан
•
«Қазақ мемлекеттілігінің шежірешісі»
•
Қозыкөрпеш Есенберлин
«Әке»
•
Алимжанов А.
Последняя встреча,
или уроки И. Есенберлина
•
Есенберлин Р.
Мой главный человек
•
Журтбаев Т.
Выбравший свою дорогу
•
Козыбаев М.
Святой хан Кене казахской
литературы
•
Косенко П.
Силуэт по памяти
•
Куттыкадамов С.
Лодка, так и не
переплывшая океан
•
Теракопян Л.
Непреходящие уроки
Мемлекетіміздің 550-жылдық тарихы - І.Есенберлиннің «Көшпенділер» парағында
Абылай хан Әбілмансұр (1711 ( Ресей деректерінде 1713) - 23.5.1781, Оңтүстік Қазақстан Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайыр ханның қолында болады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркема Уәли туады. Оның Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек Онда Абылайдың 1710 жылы туған деугенегіз бар) Төле бидің Тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. Ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарғанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шйқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл Әрине Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлап Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық - жортуылдарға қатысқанын айқындайды, Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің өзінде де, Абылайдың 1730 - 1733 жылдары да (бірнеше үлкен ұрыстар) болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 - 1931 жылдарда бірнеше үлкен ұрыстар 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді Тойтарысқа тап болады. Абылайды жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майданы болған қытай деректерінде атап көрсетілген Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалдан менен ұрысып, жеті күндей сүрісіп…» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халықтың басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте - бірте ұлыстағы бар өкім Әз - Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.
Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл - кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманұлының ханға «Алтын тақтың үстінде, Үш жүздің басын құрадың» деуінің негізінде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайында иемденген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһыАхмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» («Горькая линия») бойындағы орыс бекіністерін шапты. Шоқан Уәлиханов: «1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып , ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда - ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің ұлынан және өкілеттік қағазы барын желеу етті», - деп жазды. 1779 жылы 4 қазанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығында: «Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу» шаралары да қарастырылады.
Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарды өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды. Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылайханның асқақ тұлғасы, ақыл - парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, Ілияс Есенберлиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Қ. Жұмаділовтың, т.б. туындыларында сомдалды. Оның ұлағаты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының назарын аударып келеді.
Ақпарат көзі:
http://bigox.kz/kazak-ordasynyn-xany-abylaj-xan/
Дәл осы күні түнде Түркістанда тағы бір оқшау оқиға болды. Хорезм, Хиуа елдерін Сайбанның баласы Темір сұлтаннан тараған Жәдігер, Хаджім, Ақатай атты хандар билеген - 1696-1697 жылдары Хиуа тағына осы хандардың соңғы ұрпақтарының бірі Уәли отырған. Бірақ өзінің тентек, есерсоқ және сәл есуастау мінезімен жұртты басқара алмай, қазақ жеріне қуылып келген. Осы кездегі Орта жүздің ханы Тәуке оны Яссыға даруға еткен. Уәли Түркістан әмірі болысыменен үш айдан кейін дүние салған. Тәуке әмеңгершілік салтыменен оның жесірі Нұрбикені өзі алған. Жеті айдан кейін ханым Абылай атты ұл тапқан... Бұл бала, емшектен шықпай жатып, шешесімен бірге нағашы жұрты Алтын хан еліне кеткен. Төркіндеп барған Нұрбике кенет ойламаған кеселге душар болып, сол Алтын хан жерінде қаза болған. Жалғыз қызынан айрылған қайын атасы Тәуке ханға: «Жалғызымыздан айрылдық - аққан бұлағымыз суалды, жанған шырағымыз сөнді. Өзі кетсе де көзіндей көріп бауырымызға салып өсірейік, бұдан да өзге балалары бар ғой, Абылайжанды ат жалын тартып мінгенше бізге қисын. Есін білген соң елін өзі де табар» деп елші салған. Тәуке жастары келіп қалған қайын ата, қайын енесінің көңілдерін қалдырмаған, екі жасар Абылай солардың қолында қала берген. Сол Абылай он жетіге шыққанда Тәуке хан өлерінің алдында сонау Алтын хан өлкесінен елін іздеп, өзі келген. Тәуке ұлан асыр той жасап, «он бесінде отау иесі» деген дәстүрмен, сол жылы Абылайды өзінің үзеңгілес серігі, қырғыз елінің шоң манабының бірі Тиестің кіші қызы - он төрт жасар Зеренге үйлендірген.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» бөлімінен үзінді
Бұқар жырау мен Әбілмансұрдың алғашқы әңгімесі
Жырау қалжырап жатып, таң ата ұйықтап кетті. Күн шыға оянған Бұқар үй сыртындағы қыбырлап жүрген адамдардың Әбілқайыр нөкерлері екенін білді. Жанында әбілмансұр сол қалпында ұйықтап жатыр. Тек көзіне Ораз құл түсе қоймады. Жүрер алдында қолтығынан көтеріп атына мінгізген әбілмансұрдан:
- Үлкен түйешіні көре алмадым
- Ау, ол қайда? - деп сұрады.
- Қайда екенін мен айтпайын, сіз сұрамай-ақ қойыңыз.
Бұқар жырау ауыр күрсінді. «Иә, сұрқия, сұм бұл заманда құл бейшаралардың тағдыры, міне, осылай шешіледі».
- Ол сенің жауың емес еді ғой...
- Жұрттың бәрі қазір менің жауым.
- Олай болса, сенің өрісің де ұзаққа бармайды екен.
Бұқар жырау жас түйешіге түксие қарады.
- Біздің қазір екі-ақ жауымыз бар.
Бірі - сыртқы жау. Екіншісі, жұрттың басын қостыртпай, бөлшектеп билегелі жүрген би, сұлтандар. Ел қамқоры болам деген адам бұны білсе керек. Қайратың тасып бара жатса, халықтың адал ұлдарының қанына ортақ болғанша, қолыңа қару алып, жауға неге шаппайсың? - Кезегі келгенде жауға да шабамыз. Ал Ораз құлды мен өлтіргенімді қайдан білдіңіз?
- Көзің айтып тұр.
- Ендеше ешкімге тіс жарушы болмаңыз.
- Неге?
Әбілмансұр Бұқар жыраудан көзін алмай тесіле қарады.
- Түбі Үш жүздің ханы мен боламын, Бұқар аға. Ал сіз қазақ халқының ел болғанын тілейсіз ғой... Бұқар жырау жүрмекші боп ыңғайлана берді.
- Бүгіннен бастап мен енді Әбілмансұр емеспін! - деді жас түйеші. Бұқар жырау оған таңдана көз тастады.
- Кімсің сонда?
- Абылаймын!..
- Абылай?.. Қанішер Абылай сенің атаң еді ғой! Қазақ елі бұл аттан қорқатын...
- Менен де қорықсын!
«Көшпенділер»: 2-бөлім «Жанталас» романынан үзінді
Адамзатқа әрқашанда қуат беретін үміт деген ұлы күш бар. Ол ақылыңды қанағаттандырып қияға самғатады. Жігеріңді қамсыз қайрай көк темірге салдыртады. Мен де бұл дүниеден көп нәрседен үміттенген едім, жеткен жерім осы болды. - Абылай ауыр күрсінді де тағы үндемей қалды. Аздан кейін қайта сөйлеп кетті. - Үмітсіз тек шайтан дейді қазақ. Жоқ, ол бекер екен. Ең үмітсіз -көктемі мен жазы өткен, терең тамырлары қайта жасармастай боп семген кәрілік екен. - Ол тағы қинала күрсінді, - әрине, жетпіс екі жас кәрілік пе? Бірақ басымнан өткен қилы-қилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл жасағандаймын. Жоқ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тәнім емес, жаным қартайыпты. Ал жаныңның қартайғаны - шын кәріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені... Үмітіңнің сөнгені - ол сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоқ секілді, бірақ сөйтсе де өлгің келмейді екен, әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің...
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» бөлімінен үзінді
Елу жылдан астам майдандас болып жүріп, бір рет те Абылайдың ажалдан қаймыққанын көрмеген Бұқар жырау, оның о дүниеге барғанда мүңкір-нәңкір гүрзісінен қорыққанына таң қалды. Әйтсе де ол Абылайдың өлер алдында сонау өзі төккен көп қаннан шошып жатқанын ұқты... Бұқар жырау жауап беріп үлгірген жоқ. Абылай ақырғы рет ышқынып демін алды да, көзін мәңгі жұмды.
Көшпенділер: 2-бөлім, «Жанталас» бөлімінен үзінді.
Абылай-хан (1711-1781).