Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

9 желтоқсан 

Mobirise Website Builder

Жемқорлыққа қарсы күрес күні

2023 жылы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 9 желтоқсанда атап өтіледі.

Оның бастамашысы - 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы болды. Мақсаты - бүкіл әлемдегі сыбайлас жемқорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару, осы әлеуметтік зұлымдықтың алдын алу және онымен күресу.

9 желтоқсандағы іс-шаралар БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қойған мемлекеттерде ғана өтеді. Бүгінде планетамыздың 172 мемлекеті аталған құжатқа қол қойған.

Біздің республика — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастықтың белсенді қатысушысы. Қазақстан Конвенцияға 2008 жылы қол қойды. Біздің еліміз алғашқы болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қабылдады. Ол 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңмен ауыстырылды.

Дереккөз: https://alashainasy.kz/tuit/9-jeltoksan-halyikaralyik-syibaylas-jemkorlyikka-karsyi-103885/