«Сыбайлас жемқорлық» (лат. Corruptio) «параға
сатып алу» деген түсінік береді. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара
беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР «Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама
береді.
Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға
теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және
онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы
адамдарды парамен сатып алу».