Қазақстан Республикасы Президентінің
1993 жылғы 12 қарашадағы № 1399 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы (1993 жылғы 12 қарашадағы өзгерістер)
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1399 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы Қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
І. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналысқа енгізілсін.
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап /жергілікті уақыт/ теңге Қазақстан Республикасындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
3. Теңгені Қазақстан Республикасының аумағында меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде, сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттарға қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.

                                                                                                                                        Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев


Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U9300001399

This site was started with Mobirise