Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы


1992 жылы мамырда "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспа фабрикасын құру туралы" Президент Жарлығы шықты. Егемен Қазақстанның тарихында тұңғыш рет, яғни 1993 жылғы маусым айында бағалы қағаздар шығару цехы іске қосылды.

2008 жылғы 15 қарашада ұлттық валюта - теңгенің енгізілгеніне 15 жыл толады. Ұлттық валюта - мемлекет егемендігін танытатын ентаңба, сондықтан оның айналымға енгізілуі Қазақстанның экономикалық және қаржылық тәуелсіздігіне қол жеткізуге жасалған алғашқы қадам болып табылады. Еліміздегі бірден-бір мамандандырылған полиграфиялық кәсіпорын - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының құрылуы осы тарихи оқиғамен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы 1995 жылы 19 мамырда салтанатты түрде ашылды. Оның ашылу рәсіміне еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ірі өндіріс орнының іргетасы осы қуанышты сәтке дейінгі үш жыл ішінде қаланды. Банкнот шығаратын өндірістік базаны құру - білгір мамандардың қажырлы еңбектері мен тынымсыз ізденістері нәтижесінде жүзеге асты.

"1", "3", "5", "10", "20", "50" теңгелік алғашқы банкнот номиналдары Англия кәсіпорындарында шы ғарылды, бірақ оларды басу және қайта бастыру экономикалық жағынан тиімсіз болатын. Банкнот шығаратын отандық кәсіпорынды құру үшін Ұлыбританияның "De La Rue" компаниясы таңдап алынды. Бұл компаниямен қорғанысты банкнот шығару технологиясын алу және құрал-жабдықтарды жеткізу мақсатындағы контракт жасалды.

Қысқа мерзімде алғашқы алты қазақстандық банкноттың барлық басылымы Банкнот фаб рикасына көшті. Қазақстандық банкнотшылар басылған өнімнің сапасы жағынан да, мерзімі жағынан да осы кезге дейін теңге басумен айналысып келген британдық әріптестерінен озбаса, қалыспады.

Банкнот фабрикасы ашылған күннен бастап, оның полиграфиялық базасында банкнот шығару қолға алынды. Банкнот фабрикасы көркемдік және полиграфиялық орындалу деңгейі озық баспалық өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін аса бірегей, айрықша құрал-жабдықтармен жабдықталды.
Бүгінгі күні Банкнот фабрикасының өндірістік ассортиментінде әлемдегі барлық қорғаныстық технологиялар мен элементтер бар. Олар: интаглио басылым, екі тарапты бет элементтерін үйлестіріп басу, арнаулы қорғаныстық және қолдану ерекшелігі бар бояулар, голографиялық элементтер, қорғанысты элементтерді басудың барлық мүмкін түрі, нумерациялаудың айрықша жүйесі.
Қазіргі кезде Банкнот фабрикасының бағалы қағаздар шығару жөніндегі қызметке ҚР Ұлттық комиссиясының в,,-0408100014 бағалы қағаздары бойынша 1999 жылғы 13 қарашадағы Мемлекеттік лицензиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туы бейнеленген материалдық нысандарды шығару жөніндегі қызметке в,,-000272 2005 жылғы 21 шілдедегі Мемлекеттік лицензиясы бар.

Нақты кезеңде Банкнот фабрикасы банкноттан басқа баспалық өнімнің жүзден аса түрін шығарады, олар: паспорт, жеке басты растайтын төлқұжат, дипломдар, аттестатттар, куәліктер, шылым өнімдерінің акциздік маркалары, вексель, сақтық полистері, дән-дақылдарды қабылдап алу-тапсыру бланкілері, чек кітапшалары және басқалары. “ҚРҰБ Банкнот фабрикасы” РМК өндіретін қорғанысты баспалық өнімдер қатарында шетелдік мемлекеттердің де тапсырыстары бар. Фабрика мамандары сондай-ақ, ҚР азаматының биометрикалық (электронды) паспортының дизайнын жасап, жаңа үлгісін шығарды.


Банкнот фабрикасының іскер әлемдегі беделі де нығайып келеді. Бұрынғы кеңестік елдер кәсіпорындарының қызметіне тұрақты түрде талдау жасап отыратын "Aguarius Eartmacer" компаниясының 2003 жылғы зерттеме қорытындысы бойынша Банкнот фабрикасы "Сала көшбасшысы" номинациясымен "Eartmacer" (еркін аударма жасағанда: "әлемді танытатын адам") сыйлығын алды. Бұл марапат - әртүрлі өнеркәсіптік салалардың маңдайалды қоғамдастығы құрамында біздің де бар екеніміздің айқын кепілі болып табылады. Фабрика 2004 жылы Женева қаласында өткен "Бизнестегі жоғары сапа" ІV Халықаралық Форумында "Ақаусыз іскерлік беделі үшін" алтын медаліне ие болды. 2008 жылы Мәскеу қаласында өткізілген ІІІ Сапа Халықаралық Ассамблеясында Банкнот фабрикасы “Сапа Алтын Сертификаты” белгісін алды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы http://www.bf.kz/kz/page/fabrika-zhnnde

Site was created with Mobirise