Ұлттық академиялық кітапханасы адамның тұлға болуы мен қалыптасуында маңызды функцияны орындайтынын, кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескеріп, қоғам дамуының басымдылықтарының бірі ретінде кітап оқуды қолдауды қарастыра отырып, Қазақстанда жыл сайын «Бір ел – бір кітап» акциясын жүзеге асыруды ұсынған болатын.
2020 жылы, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды.

Ұстаздың оралуы

Mobirise

Әнуар Әлімжанов

1930-1993

Қоғамдық және саяси қайраткер, атақты қазақ жазушысы, журналист. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың және «Лотостың» лауреаты.

Mobirise

"Ұстаздың оралуы"

Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты еңбегі орта ғасырларды, Орта Азия мен Таяу Шығыс қалаларын көрсетеді. Сонымен қатар, кітапта энциклопедист-ғалымның рухани келбетін ашатын, оның жұмысының қыр-сырын, Әл Фарабидің прогрессивті әлеуметтік-философиялық ойдың дамуындағы маңызы және оның әлемдік мәдениет тарихындағы орны туралы мақалалары келтірілген.

Mobirise

Әл Фараби

Әбу Насыр Әл Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама.