phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Өр Алтайдың Асқары

Өр Алтайдың Асқары

22 ақпан күні  кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында жерлесіміз жазушы Асқар Алтаймен 60 жасқа толған мерейтойына орай онлайн кездесу өтті.

Снимок экрана 53Асқар Алтай (Асқар Құмарұлы Алпысбаев) 1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. Нәресте шағында отбасымен Күршім ауданының Қалғұты ауылына қоныс аударып, Қаратоғай орта мектебінде білім алды.
Асқар Алтай - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Елден ерте кетсе де әрбір шығармасына туған өлкесін арқау еткен Асқар Құмарұлы 1984 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, әртүрлі қызметтер атқарды.
Кезінде Асқар Алпысбаев атты жас жазушыға «Асқар Алтай» деген әдеби псевдонимді аузы дуалы жазушы Оралхан Бөкей беріп «Ендігі Алтайдың атын сен шығарасың!» деп сенім білдеріпті. Мұзтаудың кербез жазушысының айтқаны тура келіп, бүгін Асқар Алтай атты жазушы бүкіл түркі елі мақтан тұтар қаламгерге айналып отыр.
Онлайн кездесуде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының жауһар туындылар қатарында қазақ қоғамының шынайы кескін-келбетін суреттейтін Асқар Алтайдың «Былғары табыт» романы мен 2022 жылы шыққан екі томдық таңдамалы жинағы оқырман игілігіне ұсынылды.

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp